fbpx

Балаларға жазғы лагерьге тегін жолдама беру қажет Сейсенбі, 15 Маусым 2021 09:30

ҚХП Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Көтерілген тақырып бойынша білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен ТЖ департаментінің өкілдеріне сұрақ жолданды.

– Қатал климатты  мұнай аймағында  емдік бұлақтар мен курорттық жерлер өте аз. Дегенмен жазғы маусымда балалар үшін жазғы  демалысты ұйымдастыру қажет. Бұл ретте аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға ерекше назар аудару керек. Оларға жолдама тегін берілуге

тиіс. Мектеп жанындағы және сауықтыру лагерлерінің жұмысын қамтамасыз ету қажет. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша жедел әрекет ету үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, оның құрамына бейінді ұйымдардың өкілдері енді, – деді ҚХП Атырау облыстық филиалының жетепкшісі Ерболат Дәулетқазиев.

Облыстық білім басқармасы өкілінің айтуынша, биыл 166 мектеп жанынан

лагерь ұйымдастырылды. Оның 10-ы – санаториялық, 169-ы – тамақсыз, 402-сі – бейіндік, 163-і – дебаттық, 211-і – тілдік лагерь.

Атыраудағы «Бесікті», Индердегі «Жас өркен» және Махамбет ауданындағы «Арай» қала сыртындағы лагерьлері 2,5 мыңға жуық бала қабылдауды жоспарлап отыр. Балалар тегін ПТР-тестілеуден өткізіледі. Жазғы лагерьлерді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 286,8 млн теңге бөлінді.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап өңірде «Қауіпсіз аттракцион» республикалық акциясы басталды, ойын және балалар алаңдары бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

ҚХП Атырау облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS