Кездесуге қатысушылар ҚХП-ның жастар мен жас отбасыларды қолдау шаралары туралы мол ақпарат алды.
– Қазақстан Халық партиясы жастар мен жастар бастамаларын қолдау жүйесін құруды қолдайды және оның бәрі елдің әр аймағын қамтуы керек. Қазақстанның барлық азаматы тегін білім, сапалы медициналық қызмет алуда тең мүмкіндіктерге ие болуға тиіс. Ел азаматтарының барлық санаты үшін тұрғын үйдың қолжетімді болғаны да маңызды, – деді Ерболат Дәулетқазиев кездесу барысында.
Ол партия әр өңірдегі жастар үшін әлеуметтік тұрғын үй квотасын ұлғайту мәселесін шешуге ниетті екенін жеткізі.
– Жас азаматтарға жеңілдетілген несие беру маңызды. Осы құқықтарды іске асыру әрбір жас қазақстандыққа өз отбасын құруға және балаларын толыққанды отбасында лайықты жағдайда өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясы еліміздің барлық шалғай аудандары мен ауылдарында интернет болуы үшін заңнамаға бірқатар түзетулер енгізуге бастамашы болады. Прогрестің басты ресурсы – адам әлеуеті. Онда жастар жетекші рөл атқарады. Жастарды табысты әлеуметтендіру – бұл Қазақстанның болашақтағы табысының кепілі, – деді мәслихат депутаттығына кандитат Ерболат Дәулетқазиев.
Мәслихат депутаттығына кандидатпен болған кездесу ҚХП-ның үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды.
ҚХП Атырау облыстық комитеті