fbpx

Атырауда кандидаттардың пікірсайысы өтті Сенбі, 26 Желтоқсан 2020 11:09

Атыраудың «Аtyray» телеарнасында депутаттыққа үміткерлердің пікірсайысы өтті. Қазақстан Халық партиясынан шараға қалалық мәслихатқа кандидат Ерболат Дәулетқазиев қатысты.

Пікірсайыс үш кезеңнен тұрды: партия бағдарламасын таныстыру, қарсыластарға сұрақ және олардың сұрақтарына жауап беру. Соңында – Қазақстан халқына үндеу жасау.

Ерболат Дәулетқазиев алға қойылған міндетті ойдағыдай орындады. ҚХП сайлауалды тұғырнамасын таныстыра отырып, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге аса назар аударды. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, сайлаушыларды сайлау күні әлеуметтік мемлекет құруды және қарапайым адамдарды қорғауды жақтайтын ҚХП-ға дауыс беруге шақырды.

– Халық, жер, әділдік – Қазақстан Халық партиясының негізгі ұраны әрі іс-әрекеттерінің басты мәні, – деді Ерболат Дәулетқазиев.

ҚХП-ның Атырау облыстық сайлауалды штабы

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS