fbpx

Үгіт-насихат Махамбет ауданында жалғасты Сенбі, 26 Желтоқсан 2020 11:11

Атырау сайлауалды штабының үгіт-насихат тобы облысқа қарасты Махамбет ауданында болды. Мұнда аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бейбарыс ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті.

Қазақстан Халық партиясының атынан Махамбет аудандық мәслихатына кандидат ретінде Шынаргүл Ізмағанбетова мен Ақжол Қонысбаев тіркелген болатын. Олар ҚХП-ның тұғырнамасын, оның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

– ҚХП-ның сайлаудағы ұраны: Халық, жер, әділдік! Шынында да, ҚХП өзінің бағдарламасында әлеуметтік мемлекет құру қадамдарын белгіледі. Партияның бастамалары өмірдің, экономиканың, рухани дамудың барлық негізгі салаларын қамтиды, – деді Шынаргүл Ізмағанбетова.

– ҚХП бағдарламасында ауыл шаруашылығы, саланың шикізаттан алыстап қайта өңдеуге көшуі, ауыл инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығы секілді мәселелер айтылған, – деп толықтырды Ақжол Қонысбаев. 

AtirMakhamb

Электоратпен болған әңгіме барысында аудан мен ауыл, бюджет саласының қызметкерлері, зейнет жасын төмендету, медицина және басқа да мәселелер қозғалды. Сайлаушылар ҚХП жариялаған оң өзгерістерге үміт білдіріп, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерге батасын берді.

ҚХП-ның Атырау облыстық сайлауалды штабы

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS