fbpx

Қазақстанда мәдени құлдырауға жол бермеу керек Сәрсенбі, 06 Қаңтар 2021 18:24

6 қаңтар күні Атырауда Қазақстан Халық партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына үміткерлер Атырау облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстанда жалпыұлттық идеологияны сақтау мен дәріптеуге маңыз бөлу. Ол республикада тұратын барлық этникалық, діни топтардың мүдделерін ескеруі тиіс.

– Біз ұлттық, діни, гендерлік және нәсілдік белгілері бойынша кемсітушілік үшін қылмыстық жазаны қатаңдатуға қол жеткізгіміз келеді. Ұлттық немесе діни белгілер негізінде Қазақстан азаматын құрметтемеудің кез келген фактісін қоғам айыптауға тиіс. Ал Қазақстандағы әртүрлі этникалық топтар арасындағы бөлінудің кез келген әрекеттерін мемлекет пен қоғам қатаң түрде тоқтатуға тиіс. Қазақстан Халық партиясы барлық ұлттық және діни топтардың мүдделерін әділеттілік пен заң үстемдігінің тең жағдайында қорғайды, – деп кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының мүшелері өз ұстанымын білдірді.

060121 Atir

Салада тиісті қаржыландырудың болмауы және халықтың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуы үшін қаражаттың жоқтығы салдарынан мәдени құлдырау Қазақстан үшін шындыққа айналуы мүмкін.

– Сондықтан осы саланы қаржыландыру және стратегиялық қолдау тәсілдері қайта қаралуға тиіс. Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мен қолдау жөнінде кешенді саясат қалыптастыру қажет, – деп атап өтті ҚХП мүшелері.

ҚХП мемлекет әлеуметтік тапсырыс арқылы халықтың тарихы, мәдениеті мен дәстүрі саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобаларды қолдауы және қаржыландыруы тиіс деп санайды. Мемлекет халықтың салт-дәстүрлері, мәдениеті бойынша қолжетімді басылымдар сериясын әзірлеуі керек.

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS