fbpx

Дәрігерлерге алғыс!» акциясын өткізді Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 08:23

2020 жылы пандемия кезінде партия белсенділері қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесті. Қарт адамдарға медициналық маскалар, санитайзерлер, қолғаптар таратып, кедей отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізді.

Игі істер дәстүрін жалғастыра отырып, ҚХП Атырау облыстық комитеті «Дәрігерлерге алғыс!» акциясын өткізді.

Акция COVID-19 пандемиясымен күресте үлкен ауыртпалықты бастан кешіретін медициналық қызметкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл дәрігерлердің адалдығына деген шексіз құрметтің белгісі. Акция аясында Атырау облыстық №2 Жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлеріне түскі ыстық ас үлестірілді. Филиал белсенділері оны межелі жерге жеткізіп берді.

220221 AtirauҚазіргі уақытта Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының төмендегені байқалады. Бірақ дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Аймақтағы сырқаттанғандардың статистикасы келесідей: негізгі үлесі Теңіз кен орнына тиесілі – тәулігіне 20 жағдай тіркелуде. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 241 адам жатыр. Облыста 163 пациент амбулаториялық ем алуда, облыстық инфекциялық стационарда 76 адам, аудандық инфекциялық стационарларда 22 адам жатыр. Қазір жергілікті халық дәрігерлердің, медбикелердің, санитарлардың, жедел жәрдем фельдшерлерінің кәсібилігі мен жанкештілігіне үміт артып отыр. Сондықтан тұрғындар дәрігерлердің еңбегін бағалаған партия белсенділеріне дән риза болды.

ҚХП Атырау облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS