fbpx

Баспана мәселесі қалай шешілуде? Дүйсенбі, 01 Наурыз 2021 07:59

ҚХП Атырау облыстық комитетінде қоғамдық талқылау өтті. Онда қолжетімді тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру жайы қаралды.

Отырысқа облыстық құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармаларының, көлік және автожол бөлімінің өкілдері, «Отбасы банк» АҚ мамандары, азаматтық белсенділер, партия активі қатысты.

Отырыс барысында ҚХП белсенділері мен жұртшылық ресми тұлғалардың ақпаратын назарға алды. Ресми деректер бойынша бүгінде облыста тұрғын үй кезегінде 20 мыңға жуық ажам тұр. Сондай-ақ шенеуніктер сатып алу құқығынсыз жалға алуды және аз қамтылған отбасыларға кредит беруді көздейтін «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының жұмыс істейтінін хабарлады. Атап айтқанда, «Бақытты отбасы» көпбалалы және толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін әзірленген. Кезекте тұрған және әр мүшесінің 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар отбасылар әкімдіктерден «7-20-25» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша кредиттік тұрғын үй ала алады. Биыл зейнетақы қорынан тұрғын үй сатып алу бағдарламасы қосылды. Ол «Отбасы банкі» арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үй кезегі баяу жылжиды және шаршы метрдің құны қамбат. Қоғам өкілдері тарапынан бұл мәселелер де айтылмай қалған жоқ. Пәтерлер қатаң кезекпен беріледі. Ол жерде санаттар да басымдыққа ие. Көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, мүгедектер басымдыққа ие. Әлеуметтік тұрғын үй құрылысы коммерциялық құрылысқа қарағанда баяу жүреді. Сондықтан кезек те баяу жылжиды.

Келесі бір өзекті мәселе – жалға берілетін және әлеуметтік тұрғын үй сапасының төмендігі. Құрылыс салушылар арзан материалдарды пайдаланады, кемшіліктерге жол береді. Ал тұрғындар олардың бәрін өздері реттеуге мәжбүр.

Сөз соңында пікірсайысқа қатысушылар қазақстандықтар үшін тұрғын үй жыл сайын қолжетімді бола түсетінін және оңтайлы жағдайлар жасалатынын атап өтті. Өткен жылдары Атырау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 128 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді. «7-20-25» бағдарламасы аясында 431 өтінімге 6 048 млн теңге сомасында несие берілді «Шаңырақ» («5-10-20») бағдарламасы бойынша «Отбасы банк» АҚ 76 азаматқа несие берді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 360 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ Талғайран ауылында 18-25 жас аралығындағы жетім балаларға арналған Жасөспірімдер үйінің құрылысы жүріп жатыр.

010321 Atir ZhilТұрғын үйдің болуы – азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының көрсеткіші. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін пәтерлер мен жер учаскелерінің жетіспеушілігі өткір мәселе болып табылады. Оны шешуге жағдай жасалуда. Бірақ мұқтаж адамдардың барлығы бірдей қамтамасыз етілген жоқ. Сондықтан ҚХП ипотекалық мөлшерлемені төмендетіп, жеке құрылысқа 20 сотық жер беру керек деп есептейді.

ҚХП Атырау облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS