fbpx

Дені сау ұрпақ – ұлттың болашағы Бейсенбі, 08 Сәуір 2021 11:35

ҚХП Атырау облыстық комитетінің активі Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай спорттық жарыстар өткізді. Оған қалалық және аудандық мектеп оқушылары, орта жастағы адамдар мен зейнеткерлер қатысты.

Айта кету керек, партия ұйымы наурыз бойы тоғыз номинация бойынша түрлі сайыстар өткізді. Мақсат – салауатты және белсенді өмір салтын ұстануға шақыру, спорт пен дене шынықтыруды насихаттау.

Іс-шараға қатысушылар эстафета, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, волейбол, футбол бойынша сынға түсті. Егде жастағы адамдар да қалыс қалған жоқ.

– Партия комитеті салауатты өмір салтын насихаттауға және денсаулықты сақтауға бағытталған мұндай жарыстар мен басқа да іс-шараларды бірнеше рет өткізді. Дене шынықтыру үшін жас маңызды емес. Бірақ денсаулықты сақтау – әр адамның әлеуметтік қажеттілігі мен жауапкершілігі, – деді ҚХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.

Айтпақшы, Ерболат Дәулетқазиевтің өзі салауатты өмір салтын ұстанады. Аптасына үш рет кросс жүгіріп, түрлі жаттығу жасайды. Жүзуге қатысып, шыңдалады.

Жеңімпаздар кубоктар мен грамоталарға ие болды. Қалған қатысушылар партия ұйымының атынан ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.

ҚХП Атырау облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS