fbpx

Жастар болашағын неге шетелмен байланыстырады? Жұма, 30 Сәуір 2021 09:38

ҚХП Жамбыл облыстық комитетінің активі кезекті «Партия дауысы» акциясын өткізді. Имидждік іс-шара шеңберінде ҚХП фракциясының депутаттық сауалдары жазылған 500 кітапша таратылды.

Бұл жолғы депутаттық сауалдар жастардың елден кетуіне және кадрлық әлеуетті ұстап қалу үшін жағдай жасау қажеттігіне арналды.

Сондай-ақ облыс орталығының тұрғындары экономика мен әлеуметтік сектордың әртүрлі салаларын сапалы инвестициялау қажет деген пікірді қолдады. Бұл еліміз шикізаттық бағыттан бас тартқан кезде ғана орын алуы мүмкін.

Акция Тараз қаласының орталығындағы халық көп жиналатын жерлерде өтті. Қала тұрғындары депутаттық сауалдарды өзекті деп тапты және Халық партиясы фракциясының жұмысын толық қолдай отырып, көтерілген мәселелерді шешу қажет деп санайды.

ҚХП Жамбыл облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS