fbpx

Халықтың күші – бірлікте Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 09:02

ҚХП Жамбыл облыстық комитетінің белсенділері Қазақстан халқының бірлігі күніне орай дөңгелек үстел өткізді. Отырысқа студенттер, облыстық жастар ресурстары орталығының өкілдері, партия активі, қала жұртшылығы қатысты.

– Жүзден астам ұлт өкілдері тұратын, ынтымақ орнаған ел болашаққа сеніммен қарайды және нақты дамуға бет бұрады. Көпұлтты мемлекет идеяларының сабақтастығы үшін жас ұрпақты патриотизм мен достық рухында тәрбиелеу өте маңызды, – деді ҚХП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Бастаубаева.
Партия белсендісі Карина Бектаева халықтың бірлігі мен ынтымағының маңыздылығына, барлық этностар мен ұлттарды құрметтеу жайына, сондай-ақ осы тақырыпқа арналған мақал-мәтелдерге тоқталды.

Тараз қалалық жастар ресурстары орталығының маманы Әбдіғали Әбдімәліков жастар арасында толеранттылық пен бірлікті нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Студент Төлеби Рахымжанов университет қабырғасында көпұлтты топта оқып жүргенін және студенттер әрқашан бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста екенін атап өтті. Ол көпұлтты елімізде бірлік пен келісім тек мерекеде ғана емес, жас кезінен бастап адам ғұмырының соңына дейін насихатталуын тіледі.

Кездесуге қатысушылар қазіргі қоғамдағы этностар арасындағы сенім мен келісімді нығайту уәкілетті органдар мен бүкіл қоғам алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың даму дәуірінде шетелдіктердің ел халқының ішкі жағдайы мен көңіл-күйіне әсер ету үрдісі байқалады. Әлеуметтік желілерге арандатушылық пиғылда жағымсыз сөздер жазып, нацистік үндеулер тастайтын адамдар да баршылық. Бұл ұлттық және діни араздықты тудыруы мүмкін. Сондықтан мұндай араңдатулар дереу тоқтатылуы керек. Ал халық бұған ермеуі тиіс.
ҚХП Жамбыл облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS