fbpx

Сақтықта қорлық жоқ Сәрсенбі, 21 Шілде 2021 17:07

ҚХП Жамбыл облыстық филиалында өткен дөңгелек үстелде карантин кезінде балалардың бос уақытын өткізу және туристердің қауіпсіздігін сақтау мәселесі талқыланды.

Жиынға облыстық білім басқармасының, туризм бөлімінің өкілдері мен қалалық СЭС және туристік фирмалардың қызметкерлері қатысты.

Қазір Жамбыл облысы «қызыл аймақта» тұр. Соған қарамастан Тараз қаласында бассейндердің 20%-ға жуығы жұмыс істеп тұр.

Жауапты мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, демалыс күндері бассейндер, ойын-сауық орталықтары қызмет көрсетуін тоқтатады. Туристік агенттіктер көрнекті жерлерді ПТР тесті бар шағын топтарға ғана аралатады. Мұражайлар мен кесенелерге барған кезде Ashyq бағдарламасы қолданылады.

ҚХП Жамбыл облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS