Жиында әлеуметтік инфрақұрылым, ауыз су, коммуналдық қызмет және қоғамдық көлік мәселесі талқыланды. Шөлдала тұрғын алабы 10 жылдан бері облыс орталығы саналады.
Ауданда шамамен 1 350 адам тұрады. Олардың айтуынша, биыл көше жарығы пайда болып, қоғамдық көлік жүре бастады. Алайда негізгі мәселе – ауыз сумен қамтамасыз ету шешілген жоқ. Адамдар суды құдықтан алып ішеді.
Бұл мәселені Қазақстан Халық партиясы бір емес, бірнеше рет көтерді. Нәтижесінде осы жылға арналған бюджетті пысықтау кезінде шағын ауданды сумен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлінді.
ҚХП Жамбыл облыстық филиалы