fbpx

Саяжай тұрғындары құжаттарын рәсімдей алмай жүр Жұма, 06 Мамыр 2022 11:32

Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облыстық филиалының активі №11 округтің саяжай алаптарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Кездесуде саяжай кенттерінің тұрғындары учаскелер мен үйлерге арналған құжаттарды заңдастыру мәселесінде қиындыққа тап болып жатқандарына шағымданды. Олардың сөзінше, қазір тап осы аумақ облыс орталығына жатады, алайда бұл туралы жергілікті билік тұрғындарға хабарламаған.

Саяжайда тұратын азаматтар әлеуметтің осал тобы саналатындықтарын алға тартып, үйлеріне 400 мың теңгеге табиғи газ жеткізу мүмкіндіктері жоқ екенін жеткізді. Бұған қоса олар екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерін, тұрақты табыстары жоқ екенін айтты.

– Азаматтар «Бизнес-бастау» бағдарламасы бойынша білім алды. Олар мемлекеттік гранттан үмітті болды. Алайда 2021 жылдан бастап оларға мемлекеттік грант тағайындалмады. Тиісті органдар мұның себебін түсіндірмеді», – деді ҚХП Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ж.Бастаубаева.

Кездесу қорытындысында саяжай иелерінің жылжымайтын мүлкін заңдастыру және рәсімдеу үшін саяжайға жер қатынастары бөлімі мамандарының баруын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

ҚХП Жамбыл облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS