fbpx

Тән саулығы – жан саулығы Бейсенбі, 08 Сәуір 2021 11:36

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ҚХП Жамбыл облыстық комитетінің белсенділері арнайы акция өткізді.

Мақсат – салауатты және белсенді өмір салтының, шынығудың, дұрыс тамақтанудың, спортпен шұғылданудың және зиянды әдеттерден бас тартудың, еңбек және демалыс режимін сақтаудың, скринингтік тексерулерден уақтылы өтудің маңыздылығын еске салу. Акция қатысушыларына денсаулықты нығайтудың маңызды қадамдары жазылған флаер-жадынамалар табыс етілді.

– Спорттық-сауықтыру іс-шараларын және түсіндіру жұмыстарын өткізу халықтың салауатты өмір салтын ұстануға септігін тигізеді. Сондай-ақ әркімнің өз денсаулығы үшін жауапты екенін ұғындыратын болады, – деді  ҚХП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жанат Бастаубаева.

Акцияның ресми бөлігінен соң, күн райының қолайсыздығына қарамастан, «Динамо» спорт кешені мен ҚХП партия ұйымының командалары арасында пионерболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

ҚХП Жамбыл облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS