ЖОБАЛАР

«ШАПАҒАТ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ

Бүгінде ҚХП-ның «Шапағат» әлеуметтік жобасы Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейтін қайырымдылық және еріктілер қозғалысына айналды.

«Шапағат» жобасының арқасында мыңдаған отбасыларға материалдық және құқықтық көмек көрсетіледі.
Жобаның жұмысы барысында қайырымдылық
пен көмекке мұқтаж жандар азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары және формамен қамтамасыз етіледі.

Image
Image

1945.kz виртуалды естелік кітабі

2020 жылы дүние жүзі Ұлы Отан соғысының аяқталғанының 75 жылдығын атап өтті. Заманауи цифрлық технологиялар арқылы қазақстандықтар Ұлы Отан соғысындағы батыр ата-әжелерінің тарихымен бөлісуге мүмкіндік алды!

Бұл жылы Қазақстан Халық партиясы әлемге соғыс батырлары мен тыл ардагерлерінің тарихың жария ету үшін онлайн естелік кітабін жасады!

Қазақстандағы алғашқы цифрлық партия eparty.kz

Бұл Қазақстан Халық партиясының жедел басқару, аймақтардың қызметін бақылау, зерттеулер жүргізу, сонымен қатар партияның кадрлық резервін құруға арналған заманауи технологияларды стратегиялық дамыту жəне пайдалану жөніндегі жобасы.

Партия мүшелері үшін алғашқы цифрлық партияда вебинарлар, телеграм-бот арқылы қашықтықтан дауыс беру, тестілеулерден өту, ғылыми жəне əлеуметтік зерттеулерге қатысу, атқарған жұмысыңыз жайлы есеп беру мүмкіндіктері қолжетімді болады.

Image

Қоғамдық қабылдау бөлмесі

Құрметті қазақстандықтар! Қазақстан Халық партиясы азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау мүмкіндігін кеңейтуді жалғастырып жатыр!

Сіздерге 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Қазақстан Халық артиясы» депутаттық фракциясының виртуалды қоғамдық қабылдауы жұмыс істей бастағанын хабарлаймыз!
Кез келген сұрақтар бойынша Whatsapp қосымшасындағы +7 (700) 088 1917 нөміріне хабарласуға болады.

Өтініште мынандай мәліметтер белгіленуі тиіс: аты-жөні, мекен-жайы, жедел байланыс үшін телефон номері.

Анонимді өтініштер қарастырылмайды.

Дұрыс терілмеген
Дұрыс терілмеген
Дұрыс терілмеген
Дұрыс терілмеген
© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS