fbpx

Шардара су қоймасынан қауіп төнуі мүмкін Сәрсенбі, 21 Сәуір 2021 10:20

Шардара су қоймасы жергілікті тұрғындарға қауіп төндіріп отыр. Қазақстан Халық партиясы Үкіметті қайғылы жағдай орын алғанға дейін тиісті шаралар қабылдауға шақырды.

Мәжілістің пленарлық отырысында сөз алған ҚХП депутаты Файзолла Қаменов өткен жылдары республикамыздың өңірлерінде орын алған су тасқындарының зардабын ралы еске салды. Ең қайғылы оқиға Көкпектіде және Қызылағашта тіркелді. Адамдар қаза тауып, елді мекендер су астында қалды.

Өткен жылы су тасқыны көрші Өзбекстанның кінәсінен болды – Сардоба су қоймасындағы бөгет жарылды. Салдарынан Түркістан облысының Мақтарал ауданында 845 тұрғын үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 емдеу корпусы мен мәдениет үйі, 54,7 шақырым көпір мен жол су астында қалды.

– «Шардара» су қоймасының техникалық жағдайы да бізді алаңдатып отыр, – деді депутат.

Шардара су қоймасының бас тоғанының көлемі – 5 миллиард текше метр. Сол маңға жақын орналасқан Көксарай су реттегішінің көлемі – 3 миллиард текше метр. Төтенше жағдай кезінде Шардара да қауіпті аумақта қалуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, апат болған жағдайда шығын көлемі үлкен болмақ.

– Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің қауіпсіздігі өте маңызды мәселе. Су ресурстары комитеті басшысының назарына осы су қоймаларының қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді тағы да жеткізуді өзіміздің парызымыз деп санаймыз, – деді Ф.Қаменов.

ҚХП депутаттары премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдан айтылған мәселеге қатысты қандай шаралар қолданылатыны туралы есеп беруді сұрады.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS