fbpx

Газ тарту ісінде кемшілік көп Сәрсенбі, 21 Сәуір 2021 10:05

Елдегі газдандыру проблемалары әдеттегідей өте өзекті болып қалуда. Қазақстан Халық партиясын газ тарату жүйелерінің сапасы алаңдатады. Өйткені, тұрғын үйлерге газ жүргізіп қана қоймай, бұл туралы есеп беруді де ұмытпаған абзал.

– Әрине, біз халықтың шығыны мүмкіндігінше аз болғанын қалаймыз. Бірақ біз үшін ең маңыздысы – азаматтарымыздың қауіпсіздігі, – деді Мәжілістің пленарлық отырысында ҚХП депутаты Александр Милютин.

Жобалау компаниялары тобының сарапшыларының пікіріне сілтеме жасай отырып, депутат қазақстандық құрылыс нормалары мен ережелері жетілдірілмегенін, ондағы көптеген тармақтар бір-біріне қайшы келетінін, ал бұл республикалық ауқымда дұрыс емес жобалық шешімдерді жүйелі қабылдауға алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Мәселе мынада. «Мемсараптама» РМК аталған қарама-қайшы нормаларды өзіне ыңғайлы деп түсіндіруде.

– Салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Сайып келгенде, бұл елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатер, – деді мәжілісмен.

Қазір осындай нормативтік ауытқудың салдарынан жобалаушылар газбен жабдықтау жүйелерін (әсіресе бір пәтерлі тұрғын үйлер үшін) қысым реттегішін және газды есепке алу құралын үйден тыс жерде, ашық жерде орнату схемасы бойынша жобалауға мәжбүр.

– Иә, мұндай схемалар еліміздің оңтүстік өңірлерінде сенімді жұмыс істейді. Бірақ олар солтүстік аймақтар үшін қолайсыз. Өйткені қысым реттегіштері мен есептеу құралдары -25 градустан төмен температураға арналмаған, – деп нақтылады А.Милютин.

Мұндай «газдандырудың» соңы немен тынары белгілі, болжау қиын емес: қыста қондырғы қатып қалады, газ плиталарға жетпейді, ал үйге газ қазандықтарын орнатқан жеке тұрғындар жылусыз қалады.

Қазақстан Халық партиясы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловқа депутаттық сауал жолдады. ҚХП фракциясының мәжілісмендері қателіктерден, қосымша шығындардан, тіпті қайғылы жағдайлардан аулақ болу үшін министр дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенеді.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS