fbpx

Мүгедектердің зейнет жасын төмендету керек Сәрсенбі, 21 Сәуір 2021 10:20

Қазақстан Халық партиясы зейнеткерлік жасты, оның ішінде мүгедектігі бар қазақстандықтардың зейнет жасын төмендетуді жақтайды. Бұл бастаманы Мәжілістің пленарлық отырысында ҚХП фракциясының депутаты Ерлан Смайлов жария етті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде жұмыс істейтін мүгедектердің саны 85,5 мың адамды құрайды.

– Негізінен 3-топтағы мүгедек адамдар жұмыс істейді. Екінші және үшінші топтағы мүгедектердің үлесі әлдеқайда аз, – деді депутат.

Халықтың бұл санаты үшін зейнеткерлік жасты төмендету өте өзекті мәселе. Әсіресе 45 пен 63 жас аралығындағы 50 мың азамат үшін. ҚХП депутаттарының пікірінше, бұл мәселенің өзектілігі уақыт өткен сайын арта бермек.

– Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және мүгедек адамдарды еңбекке тарту, олар үшін толыққанды және сапалы өмір сүру жағдайларын жасау жұмыстың маңызды бағыты екені даусыз. Бірақ мүгедектігі бар ересектер денсаулығының физиологиялық көрсеткіштерін де ескеру қажет екені анық, – деді депутат.

Зейнетақы заңнамасы денсаулығына байланысты жеңілдіктер жасамайды. Жас ұлғайған созылмалы аурулар тіпті асқынады және көптеген мүгедектерге заңмен белгіленген 63 жасқа дейін жетудің өзі физикалық тұрғыдан қиын. Ал алатын жәрдемақы мардымсыз. Сондықтан жұмыс істеуге тура келеді. Кейбір мүгедектер зейнетке шыққаннан кейін де жұмыс істейді.

– Көбі көп көлемде зейнетақы алу үшін жұмыс істеуге мәжбүр. Зейнетке шыққанға дейін жұмыс істемей, күн көру мүмкін емес, – деді Е.Смайлов.

Депутаттар мүгедектігі бар адамдар үшін зейнетақы жасын төмендету мәселесі көптеген факторларды ескере отырып, кешенді түрде шешілуі керек деп санайды.

– Мүгедектігі бар адамдар үшін зейнетақы жасын төмендету жөніндегі шара олардың еңбек ету құқығын зейнеткерлікке шыққаннан кейін де шектемеуі тиіс. Бірақ, ең алдымен оларға зейнетке ертерек шығу құқығын – олардың денсаулығы мен лайықты қарттық құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі керек, – деп нақтылады халық қалаулысы.

ҚХП Үкіметке мүгедектігі бар адамдар үшін зейнетақы жасын төмендетуді, сондай-ақ диагнозды, денсаулық жағдайын, еңбек сипатын және т.б. ескере отырып, азаматтардың осы санаты үшін зейнетке шығу жасын анықтаудың нақты критерийлерін әзірлеуді ұсынды.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS