fbpx

Жастар елден кетіп жатыр Сәрсенбі, 28 Сәуір 2021 11:16

Жастар Қазақстаннан кетіп жатыр. Өйткені олар өз Отанында одан әрі өсу перспективаларын көрмей отыр. Қазақстан Халық партиясы жағдайды қауіпті деп санайды және Үкіметті ақылдылардың елден жылыстауын тоқтатуға шақырды.

Өткен жылы пандемия мен шектеулерге қарамастан, біздің республикадан көптеген дәрігерлер, мұғалімдер мен техникалық мамандар кетті. Жастардың кетуі тым ушығып барады.

– Сарапшылардың түрлі себептері бар. Атап айтқанда, адами капиталдың, қазақстандықтардың өмір сүру сапасының төмендеуі, ертеңгі күнге деген сенім жоқтығы және елде қолжетімді білімнің болмауы, – деді ҚХП фракциясының депутаты Александр Милютин.

«Оқуға бару» республикадан кетудің заңды мүмкіндігі болды. Көбінесе қазақстандық талапкерлер көрші Ресейге көп барады.

– Бұл этносқа немесе тілге байланысты емес. Бұған Ресейде және басқа елдерде оқитындардың арасында сол жерде қалуға ниетті этникалық қазақтардың көптігі дәлел бола алады, – деді депутат.

Пандемияға дейін Қазақстан Ресей Федерациясына және басқа елдерге қарағанда қашықтықтан және сырттай оқуды қысқартты. Тәжірибе көрсеткендей, отандық университетке түсу оңай емес, мамандық таңдау да шектеулі. Жоғары оқу орнынан кейін жұмысқа орналасу жайы бар. Тіпті «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқығандар да жұмыс таппай қиналады. Отандық еңбек нарығы мен білім беру жүйесі қатар жүргенімен іс жүзінде қиылыспайды. Сондықтан мамандардың қажеттілігі туралы айтудың өзі артық. Егер біз бұған жас отбасыларға әлсіз әлеуметтік қолдауды (ипотека мен мектепке дейінгі білімнің қол жетімсіздігі, Ресейде бар да, бізде жоқ ана капиталы мен жастарды қолдау бағдарламаларының болмауы) қосатын болсақ, онда жас қазақстандықтардың шетелге кетуінің себебін іздеудің қажеті жоқ.

Қазақстан Халық партиясы Үкіметтен республика жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін, отандық білім берудің қолжетімділігін, сапасын және тиімділігін арттыру үшін қабылдайтын шаралар туралы есеп беруді сұрады. Сондай-ақ оқушылардың білімін іске асыру және оларды елдің игілігі мен өркендеуіне бағыттау жөніндегі алдағы жоспарлармен бөлісуді талап етті.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS