fbpx

Суға субсидия қажет Сәрсенбі, 28 Сәуір 2021 11:29

«Нұра топтық су құбыры» коммуналдық кәсіпорны субсидияны қажет етеді. Қазақстан Халық партиясы депутаттарының пікірінше, мұның есебінен үнемдеудің салдары зор болуы мүмкін.

Үш жыл бұрын «Ақмола су арнасы» МКК «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК болып қайта құрылды. Өткен жылы кәсіпорын жаңа тариф бекітті. Содан кейін ол Ақмола облысының ТҮКШ басқармасының атына халыққа ауыз су беру қызметінің құнын арзандату үшін субсидия көлемін ұлғайту жөнінде бюджеттік өтінім жіберді. Өтінім мақұлданбады.

Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков атап өткендей, кәсіпорынның тапшылығы 499,9 миллион теңгені құрайды. Субсидия ең алдымен

Көкшетау, Нұра суағарларын күтіп ұстау және қызмет көрсету үшін қажет. Нұра су құбыры 24 ауылдық елді мекенде 14 мың халқы бар Ақмола облысының екі ауданын (Қорғалжын және Егіндікөл) ауыз сумен қамтамасыз етеді. Көкшетау топтық су құбыры Көкшетау қаласында, сондай-ақ Бурабай, Айыртау, Зеренді аудандарында 200 мыңнан астам адамды таза ауыз сумен қамтып отыр.

– Субсидияларды толық қаржыландырмау су берушілерді қиын жағдайға душар етеді. Яғни электр энергиясы, бюджетке аударымдар бойынша берешек пайда болады, ағымдағы жұмыстарды жүргізу үшін материал болмайды. Бұл жалпы халыққа ауыз су беруді шектейді, – дейді депутат.

Ақмола облысы субвенциялық аймаққа жатады және өз қаражатының тапшылығын жабуға мүмкіндігі жоқ. Яғни су құбырларын тоқтату және су тұтынушыларын айыру қаупі бар. Бұл қоғамда қосымша әлеуметтік шиеленіс тудыруы әбден мүмкін.

Қазақстан Халық партиясы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа республикалық бюджет есебінен 840 млрд 095,52 мың теңге сомасында қосымша қаражат бөлу жөніндегі мәселені қарастыруға жәрдем көрсетуді сұрады.

– Бұл халыққа ауыз суды үздіксіз беру бойынша облыс су берушілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет, – деп түйіндеді фракция депутаты.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS