fbpx

Әлеуметтік саясат халық үшін жұмыс істеуі керек Сәрсенбі, 05 Мамыр 2021 13:56

Қазақстан Халық партиясы республикалық бюджет түзу барысында Үкімет қайта-қайта қате жіберетініне назар аударып, мәжілістің жалпы отырысында ҚХП фракциясының сын-ескертпесін жариялады.

Фракция мүшелерінің пікірінше, министрлер кабинеті бюджет жобасымен жұмыс істеу барысында үнемі қатеге бой алдырады. Яғни тым оптимистік макроэкономикалық болжам жасап, экономиканың шикізаттық бағдарына басымдық береді.

ҚХП фракциясының жетекшісі, депутат Айқын Қоңыровтың айтуынша, ЖІӨ-нің жоспарланған өсімі мұнай экспортына негізделген. Яғни шикізат бағасының ауытқуына тәуелділік сақталып қала бермек.

– Әлеуметтік шығыстардың үлесін арттыру үрдісі мәлімделді. Бірақ «Қазақстан Халық партиясы» фракциясы бюджетті әлеуметке бағдарланған деп атай алмайды, – деді депутат.

Әлеуметтік салаға бағытталған шығындар бенефициарлары бизнес-құрылымдар болып табылатын түрлі инвестициялық жобаларды білдіреді. Яғни қарапайым азаматтарға ақша тағы да жетпейді деген сөз. Әзірше Үкімет ынтымақты зейнетақы мөлшерін 2%-ға арттырыады, инфляцияның ресми деңгейі 7%-ды құрады, ал нақты деңгейі бұдан бірнеше есе жоғары.

Тағы бір бағы ашылмаған сала бар ол – жұмыспен қамту. Қызметкерлердің мәселелерін шешудің орнына, орталық және жергілікті органдар статистикамен «ойнайды». Әлеуметтік шиеленісті солай «шешкісі» келеді.

– Саясат дағдарысқа қарсы ден қоюдың таза ахуалдық режимінде құрылған. Бұл Қазақстандағы жұмысшылардың өз құқығы үшін күрестегі түрлі наразылық акцияларымен расталып отыр, – деді Мәжіліс депутаты.

Мұндай шұғыл жұмыс жұмысшылардың орташа және медианды жалақысының өсуі, нақты және уақытша емес жұмыс орындарын құру, еңбек нарығын реформалау секілді маңызды шаруалардың назардан тыс қалуына алып келеді. Ешкім сәтсіздіктер үшін жауап бермейді. Салдарынан бізде «жұмыс істейтін кедейлік» сияқты ұят құбылыс өріс ала береді.

– Еңбек даулары, ең алдымен, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық үшін қауіп ретінде қарастырылады. Бұл, әрине, дұрыс. Бірақ жұмысшылардың көзқарасы бойынша да қарау керек. Олар үшін қауіп-қатер – жұмыс болған күннің өзінде өз отбасын лайықты асырай алмау, балаларын оқытуға ақша жинау, – деді Айқын Қоңыров.

Кәсіпкерлікті және АӨК-ні қолдауға қаражат кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде оғаш қаржылық схема бойынша бөлінеді. Демек қаржыландыру қайтадан экономиканың нақты секторына жетпейді деген сөз.

– Тұтастай алғанда, біз сыртқы ахуалды тұрақтандыруға және шикізат экспортының өсуіне үміт арта отырып, өмір сүруге арналған бюджетті қабылдаймыз деп айтуға тура келеді, – деді депутат.

Салдарынан дамуға және әлеуметтік қолдауға бөлінген ақшаны кез келген адам алады.

– Бюджет саясатында азаматтарға тікелей әлеуметтік игіліктерді қамтамасыз ететіндер ғана әлеуметтік шығындарға жататынын нақты бекіту керек деп санаймыз. Әлеуметтік саясат мердігерлердің, бюджет қаражатын игеру жөніндегі мамандар мен шенеуніктердің мүддесіне қызмет етпей, халық үшін жұмыс істеуі керек, – деп санайды ҚХП фракциясы.

Сонымен қатар партиялықтар мемлекеттік активтердің кірістілігін толық қайта қарап, кедейлікті нақты төмендетудің, халықтың нақты қолда бар кірістерін арттырудың сапалы бағдарламасын әзірлеу қажет екенін жеткізді.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS