fbpx

Баспаналы болудың жолын жеңілдетеді Сәрсенбі, 26 Мамыр 2021 12:08

Тұрғын үй заңнамасындағы кемшіліктер қазақстандықтарға жайлы өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Қазақстан Халық партиясы қалыптасқан ахуалды тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған тетіктерді құру арқылы түзетуге болады деп санайды.

ҚХП фракциясының депутаты Ғазиз Құлахметовтың айтуынша, қазір елімізде тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірнеше бағдарламасы жұмыс істейді.

– Бір қарағанда, мұқтаж адамдардың барлығы, барлық жастағы және барлық санаттағы азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз етіліп жатқандай көрінеді. Десе де мұқтаж жандардың қатарынан баспанасы бар азаматтар алынып тасталған, – деді депутат.

Қазір үлкен отбасылар ұзақ жылдар бойы бір шаңырақ астында қысылып, қымтырылып өмір сүріп келеді. Ал елдегі ҚНЖЕ нормаларына сәйкес әрбір тұрғынға белгіленген санитарлық нормалар кемінде 15 шаршы метрді құрауы қажет.

– Әр отбасы өз үйінде бөлек тұруды немесе ең болмағанда, бірге тұруға ыңғайлы болу үшін тығыз тұрғын үйден кең үйге көшуді армандайды. Бірақ бұған қаражаттың жетіспеушілігі себеп болып отыр, – деді халық қалаулысы.

Біздегі инфляциямен пәтерге қаражат жинау мүмкін емес. Зейнеткерлер мен жас отбасылардың, жас мамандардың қарапайым кірісін ескере отырып, банктер ипотекалық несие бермейді. Үйді өз бетінше салу жер учаскесін алу үшін ұсынылуы керек жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтамаға негізделге. Өйткені, кем дегенде, қандай да бір тұрғын үйдің болуы бас тартуға негіз болып табылады. Мұндай қазақстандықтар да тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.

– Әлеуметтік тұрақсыздыққа, тым қиын жағдайларға және жеке кеңістіктің болмауына байланысты көптеген отбасыларда жанжал туындайды, алауыздық пен ажырасу орын алады. Салдарынан қоғамның маңызды бірлігі – отбасы ыдырайды. Статистикаға сәйкес, бұл елдегі ажырасудың негізгі себептерінің бірі болып табылатын тұрмыстық жағдай, – дейді мәжілісмен.

Қазақстан Халық партиясы Үкіметке қолданыстағы заңнамаға «Тұрғын үй жағдайларын кеңейту арқылы жақсарту» деген ұғымды енгізуді және бұған кедергі келтіретін нормаларды алып тастауды ұсынды. Сондай-ақ тұрғын үйді бір үміткерден екіншісіне бағалау, сатып алу немесе алып қою және беру тетігін әзірлеу керектігін еске салды.

– Бұл норма бір немесе екі бөлмелі тұрғын үйде тұратындарға үш немесе төрт бөлмелі тұрғын үйге көшуге мүмкіндік береді, – дейді депутат.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS