fbpx

Болашаққа салынған инвестиция Сәрсенбі, 26 Мамыр 2021 11:50

Балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Халық партиясы ана мен бала мәселелерін тағы да көтерді. Үкіметке оларды шешудің әдістерін ұсынды.

Пленарлық отырыста ҚХП фракциясының депутаты Айжан Сқақова атап өткендей, ЮНИСЕФ-тің бағалауы бойынша 1 миллионға жуық қазақстандық бала кедейліктен зардап шегеді.

– Бұлар біздің отандастарымыз және олар кедейліктің кепілі! Елде әлеуметтік теңсіздік жүйесі қалыптасып, нығаюда. Бұл жағдай елдің кішкентай азаматтарына ерекше әсер етеді, – деді депутат.

ҚХП фракциясы мемлекеттің қолдауын жеткіліксіз деп санайды. Қазіргі балалар елдің ертеңгі ересек азаматтары екенін ұмытпау керек. Қайыршылар, науқастар, білімсіз адамдар қандай елдің болашағы бола алады? Партия кезекті рет бала күтімі жәрдемақысын сынға алды. Ол (күн бойынша есептегенде) тұтқындарды ұстауға жұмсалған қаржыдан бірнеше есе аз.

– Баланың анасына жәрдемақыда ақша қарастырылмаған! – деді депутат.

Оның пікірінше, Қазақстандағы жалақы әлемдегі ең төмен жалақының бірі болып табылады. Сондықтан тіпті жұмыс істейтін әкенің өзі киім сатып алу немесе балаларға білім беру ақысын айтпағанда, 3-4 баласы бар отбасын зорға асырайды.

Бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық схемаларына байланысты жәрдемақы немесе АӘК алу да оңай емес. Азаматтар отбасының табысын азайту үшін ресми түрде ажырасу сияқты түрлі амалдарға баруы керек. «Көп балалы отбасылар» және «аз қамтылған отбасылар» ұғымдары іс жүзінде синонимге айналды.

– Екінші фактор – осал топтағы қазақстандықтар үшін баспана қолжетімсіз! Бағдарламаға қатысу үшін алдымен адамдар кедей болуы керек, ал ипотеканы мақұлдау немесе бермеу туралы шешім қабылдағанда, олар қомақты табыс табуы керек. Кедей адам қайтып қомақты табыс табады?! – дейді халық қалаулысы.

Алматының өзінде тұрғын үй алу кезегінде 26 мыңнан астам отбасы тұр. Тұрғын үйді күтудің ең аз мерзімі 10 жылдан асады. Арғы жағы өзіңіз болжай беріңіз.

Қазақстан Халық партиясы не ұсынып отыр? Ең алдымен жәрдемақылар мен төлемдердің барлық түрлерін жойып, 18 жасқа дейінгі әрбір балаға орташа жалақы мөлшерінде бір әмбебап жеткілікті жәрдемақы енгізу. Сондай-ақ балаларға арналған тұтыну себетін әзірлеп, бала күтімі бойынша төленетін демалыс мерзімін үш жылға дейін ұзарту, мұқтаждар үшін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді беру бағдарламасын қайтару қажет. Сонымен қатар ауылдық жерлерде тұрмысы төмен отбасыларға көлік қолжетімділігін, инженерлік желілер мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының болуын ескере отырып, жеңілдетілген тәртіппен 20 сотық жер телімін бөлу қажет.

– Қазақстан Халық партиясы халыққа жұмсалатын бюджет қаржысын шығын емес, бұл адам капиталына салынған инвестиция деп санайды! Ұсынылған шаралардың барлығы ұтымды, – дейді А.Сқақова.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS