fbpx

Қазақстанға спорт менеджерлері қажет Сәрсенбі, 02 Маусым 2021 11:49

Отандық спортқа жаңа форматтағы жаттықтырушылар мен педагогтар қажет. «Қазақстан Халық партиясы» фракциясы депутаттарының ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы стратегиясына көңілі толмайды. Олардың ойынша, министрліктің қазіргі тәсілі талантты жастарды спорттағы болашағынан айырады.

ҚХП депутаты Файзолла Қаменов жаттықтырушылар мен дене шынықтыру пәнінің оқытушыларына деген қажеттілік жыл сайын артып келе жатқанын жариялады. Оның айтуынша, осы мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік грант саны шектеулі. Кадр даярлауға мемлекеттік тапсырысты жоспарлау кезінде тек мектеп мұғалімдері ғана есепке алынады. Болашақ жаттықтырушылар назардан  қалады.

– Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша кадр даярлауға бөлінетін мемлекеттік грант саны қысқарып қалды. Жаттықтырушы даярлау педагогикалық мамандыққа жатады. Өйткені түлектер білім беру мекемелерінде, оның ішінде: спорт колледждерінде, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде, олимпиадалық резерв мектептерінде жұмыс істейді, – деді депутат.

Бұрын халықаралық жарыстарда топ жарған талантты талапкерлер жоғары оқу орындарына түсу кезінде басым құқыққа ие болатын. Қазір оларға мұндай мүмкіндік берілмейді. Себебі 3 жыл бұрын заңнамаға жеңімпаздарды қатардағы талапкерлермен теңестіретін түзету енгізілді.

– 100 балл жинаған Олимпиада чемпионы 101 балл жинаған үшінші разрядты спортшыдан кейін тұрады. Салдарынан жасөспірімдер Олимпиадасында, әлем және Азия чемпионаттарында Қазақстанның намысын қорғаған республикалық спорт мектеп-интернаттарының көптеген талантты тәрбиеленушілері өз елімізде елеусіз қалып, Ресейдің жоғары оқу орындарына кетеді, – деді Файзолла Қаменов.

Халық қалаулысының айтуынша, 2019 жылы Ресейге өзге елдерден барған 180 мың шетелдік студенттің 59 мыңға жуығы Қазақстан азаматы болған. Оның әрбір үшіншісі – титулды ұлт өкілі екені анықталған.

Қазақстанға бұқаралық спортты дамыту үшін менеджерлер мен спорт нұсқаушылары қажет. Алайда бізде мұндай мамандар даярланбайды.

Туризм, демалыс және қонақ үй ісіне мемлекеттік грант бөлінеді, ал спортқа бөлінбейді.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS