fbpx

Энергия тапшылығына жол беруге болмайды Сәрсенбі, 02 Маусым 2021 11:45

Қазақстан Халық партиясы Үкімет отандық энергетика саласына тәртіп орнатуға тиіс деп санайды. Бүгінгі таңда бұл нарық ашық емес, ал  тариф негізсіз көтеріледі. Мұның зардабын шағын және орта бизнес пен қарапайым халық тартады.

Электр энергиясы мен қуат нарығының отандық операторы қызметін дұрыс атқармайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚХП

депутаты Александр Милютин мәлімдеді.

– Электр энергиясының көтерме нарығы электр станциялары мен электр желілерінің иелері және делдалдар арасында бөлінеді. Шағын және орта бизнес пен қарапайым халықта электр энергиясын жеткізушіні таңдау құқығы жоқ. Олар нақты энергиямен жабдықтау ұйымдарына бекітілген, – деді депутат.

Энергиямен жабдықтаудың жүздеген делдал-ұйымы «таңдалған» тұтынушылар үшін жабық схема және қымбат тарифпен жұмыс істейді. Мәмілелердің көлемі мен олар бойынша жасалатын төлем – коммерциялық құпия. Бұдан жеке кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар зардап шегеді.

– Халық пен шағын және орта бизнес энергиямен тиімсіз тариф бойынша қамтылады, – деді мәжілісмен. – Тұтынушылардың санаттары бірдей болса да, оларға әртүрлі тариф бекітіледі», – деді Александр Милютин.

Гидроэнергетика саласының жосықсыз дамуы болашақта Алматы облысының өзендеріне қауіп төндіруі мүмкін. Осының алдын алу үшін Қазақстан Халық партиясы мемлекеттің электр энергетикасы саласындағы

реттеуші функциясын күшейтуге, энергетика нарығының ашықтығын қамтамасыз етуге, өндірілетін, жеткізілетін және тұтынылатын энергияны тарифті нақтылай отырып есептеуге шақырады.

– Мемлекеттің қатысуынсыз жаңа қуат көздерін енгізу үдерісінде

Қазақстан ЕАЭО елдері электр энергиясының ортақ нарығынан шет қалуы ықтимал. Бұл – меншікті энергия ресурсының тапшылығын туындатып, ұлттық қауіпсіздіктің тәуекелін арттыруы мүмкін, – деді халық қалаулысы.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS