fbpx

Азаматтарды мәжбүрлеп көшіруге мораторий жариялау керек Сәрсенбі, 02 Маусым 2021 11:58

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдап, COVID-19 пандемиясы кезеңінде азаматтарды тұрып жатқан үйлерінен мәжбүрлеп шығаруға мораторий енгізуді талап етті.

ҚХП депутаты Ирина Смирнова соңғы уақытта тұрғындарды жынысы мен жасына қарамай, қоныстарынан мәжбүрлеп шығару көбейіп кеткенін мәлімдеді.

Халық қалаулысы еңбек майданының қатысушысы, 86 жастағы Александра Пичугинаның үйінен қуылып жатқанын мысал ретінде келтірді.

Ирина Смирнова кәмелетке толмаған 12 баласы бар көпбалалы отбасының да қиын жағдайын жария етті.

– Мемлекеттің республикалық интернат-колледжге жер телімін сатуына байланысты көпбалалы отбасыға баспанасыз, далада қалу қаупі төніп тұр. Тұрғындарды мәжбүрлеп көшіруге мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару немесе шенеуніктердің қате шешімі себеп болуы мүмкін», – деді депутат.

Мәжбүрлеп көшіру адам құқығын, атап айтқанда, Қазақстан ратификациялаған экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде бекітілген тұрғын үй құқығын өрескел бұзу болып табылады.

– Эпидемия кезінде адамдарды баспанасынан айыру оларды өлімге итергенмен тең. Мұның жауапкершілігі мемлекеттің мойнында, – деді Ирина Смирнова. – Covid-19 пандемиясын ескере отырып, тұрғын үйдің  коронавирустан қорғану шебіне айналғанын түсіну қажет. Тұрмысы төмен адамдар үйсіз қалып, «өлім жазасына» кесілгендей күй кешуге тиісті емес.

Қазақстан Халық партиясы пандемия аяқталғанға дейін және одан кейінгі уақытта азаматтарды пәтерлерінен мәжбүрлеп шығаруды доғаруды талап етеді.

– COVID-19 пандемиясы кезінде азаматтарды мәжбүрлеп көшіруге мораторий енгізу қажет. Мәжбүрлеп көшіру кезіндегі негіздемелерге, рәсімдер мен шектеулерге қатысты тиісті нормативтік-құқықтық акті әзірленуге тиіс, – деп қорытты сөзін Қазақстан Халық партиясының депутаты.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS