fbpx

Тұтынушылар инфляциядан қорғалмаған Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021 11:18

Қазақстан Халық партиясы елдегі инфляцияға қарсы күресті «Жел диірменімен соғыс» деп атады. Бұл – қарапайым халықты шығынға ұшыратады.

ҚХП фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров атап өткендей, Ұлттық банк, Үкімет, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеме жасап, құжаттарға қол қояды. Алайда олардың әрекеттері өсіп келе жатқан инфляцияға әсер етпейді.

– Табыс пен ресми статистика бір-бірімен сәйкес келмейді, – деді халық қалаулысы.

Азық-түлік бағасының ресми көрсеткіші 11,4% -ға өсті, бұл өте көп. Шын мәнінде, көптеген өнімдер 50% -ға қымбаттады.

– Декларативті құжаттар іске аспаса, олар не үшін қажет деген қисынды сұрақ туындайды, – деп мәлімдеді мәжілісмен. – Неліктен инфляциялық болжамға ешкім жауап бермейді?

Бизнес шығындарын индекстейді, соңғы өнімнің бағасын көтереді, салық аударымы артады, яғни мемлекеттік бюджеттің кірісі индекстеледі.

– Ел азаматтары жарияланбаған, жасырын инфляциялық салықты төлеуге мәжбүр болып отыр, – деді ҚХП фракциясының басшысы. – Бұл регрессивті салық. Өйткені отбасының табысы неғұрлым аз болса, ол оның негізгі бөлігін азық-түлікке жұмсайды, – деді депутат.

Қазақстан Халық партиясы жанар-жағармай мен шикізат бағасын бақылауды қоспағанда, елде инфляцияны тежеу бойынша жүйелі шара жоқ екеніне назар аударды. Экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға байланысты ұзақ мерзімді жүйелі шара жоқ. Елімізде тұтынушыларды инфляциядан қорғау шарасы қарастырылмаған.

– Біз мемлекеттік және жеке сектордағы ең төменгі жалақыны, жалдамалы қызметкерлердің жалақысын жүйелі индекстеудің пәрменді тетігін құру туралы стратегиялық мәселені шешу өте маңызды деп санаймыз, – деді А. Қоңыров.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS