fbpx

«Қазбиофарм» холдингі сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызуы мүмкін Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021 11:06

Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазбиофарм» холдингін құру жөніндегі оғаш жобасы Қазақстан Халық партиясы депутаттарын таң қалдырды. Олардың пікірінше, жобадан сыбайлас жемқорлық тәуекелі мен бюджетке шығын келтіру белгісі байқалады.

ҚХП депутаты Ирина Смирнова БАҚ-та биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ базасында «Қазбиофарм» өндірістік холдингін құру және құрылысы жүріп жатқан «Гвардейск» вакцина зауыты жайлы хабарлағанын еске салды.

Холдингтің басты мақсаты COVID-19-ға және басқа вирустарға қарсы вакцина өндіру.

– Жоба ел аумағында экспорттық әлеуеті бар жоғары технологиялық және ғылымға қажет өндіріс орнын құруды көздейді. Алайда оны жүзеге асыру тәсілі күмән тудырады, – деді мәжілісмен.

Үкіметтің тұжырымдамасы мен қаулысын дайындау ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды. Мсәеленің осы тұсы түсініксіз. Өйткені өндірістік мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына кірмейді.

Фармацевтикалық өнім өндірумен бизнес айналысады.

– Мемлекеттік орган, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі бұл жұмысты жеке-дара жүргізе алады дегенге сену қиын, – деді депутат. –

Фарминдустрия – күрделі, ерекше өндіріс, ол жоғары білікті мамандардың кең спектрі мен ірі капиталды қажет етеді. Холдингтің құрылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелін арттырады. Вакцинаны әзірлеу және өндіру функциясы әзірленетін вакцинаны клиникалық сынау және өндірісті сертификаттау функциясымен бір шаңырақ астында бола алмайды.

– Егер осының барлығын бір ведомствода біріктіруге жол беретін болсақ, онда өндірілетін өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы мен ведомствоішілік мүдденің жоқтығына кепілдік беру мүмкін болмайды, – деді депутат.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS