fbpx

ШОБ-ты мораторийді алып тастаумен қорқытуға болмайды Бейсенбі, 30 Қыркүйек 2021 17:15

Қазақстан Халық партиясы Үкімет мүшелеріне халықтың теріс қылығы мен мен агрессиясын тудыруы мүмкін мәлімдеме жасамауды ұсынды.

Мысал ретінде ҚХП фракциясының басшысы Айқын Қоңыров Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың ШОБ-ты тексеруге жарияланған 3 жылдық  мораторийді жою туралы сөзін келтірді.

Үкімет отырысында Ерұлан Жамаубаев ел Президенті 2023 жылға дейін енгізген мораторийді жою туралы мәселені қарауды ұсынды. Қаржы министрлігінің бастамасын кәсіпкерлер, депутаттар және экономикалық сарапшылар теріс қабылдады.

Мораторий ШОБ-ты артық әкімшілік қысымнан қорғауға мүмкіндік берді. Әрине, Қаржы министрлігінің бюджетті толықтыруға деген ұмтылысы түсінікті. Алайда барлық ауыртпалықты кәсіпкерліктің иығына арту тиімді шешім емес. Сынға ұшырағаннан кейін министр көпшілік өзін басқаша түсінгенін айтып ақталды. Ол өз бастамасы барлық кәсіпкерлер үшін емес,

тек жосықсыз кәсіпкерлерге қолданылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

– Үкіметті алдағы уақытта осындай мазмұндағы мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, – деді Айқын Қоңыров.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS