fbpx

Жанар-жағармай нарығын қалай тұрақтандырамыз? Сәрсенбі, 06 Қазан 2021 12:51

Отын нарығындағы баға тұрақсыздығы саланы басқарудағы жүйелі дағдарыстың салдары. Қазақстан Халық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров премьер-министрдің орынбасарына жолдаған депутаттық сауалында осындай мәлімдеме жасады. 

«Отын тапшылығы жазда сезілді Алайда дер кезінде нақты шара қабылданбады. Осының салдарын халық пен бизнес сезініп жатыр, – деді депутат.

Ол ел ішінде әлеуметтік шиеленіс күшейіп бара жатқанын баяндап, мемлекеттік органдар қағаздардағы есептерге сілтеме жасайтынын, дағдарысты мойындамайтынын, ал қазақстандықтарға әдемі сандар мен жалған есеп емес, қолжетімді жанар-жағармай қажет екенін айтты.

«Біз жанармай тапшылығы мен бағасының тұрақсыздығы созылмалы екенін білеміз. Бұл жағдай үнемі өндірістік қуаттың жетіспеушілігімен және импортқа тәуелділікпен түсіндіріледі. Басқа жауап болмайды», – деді Айқын Қоңыров.

Оның сөзінше, еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының қыруар қаржыға жаңғыртылуы мен шағын мұнай өңдеу зауыттарын құру және ел аумағынан бензин мен дизель отынын автокөлікпен шығаруға салынған тыйым мәселені шешкен жоқ. Жанар-жағармай нарығындағы тұрақсыздық сол қалпында қалды. Жақында ғана Энергетика вице-министрі Ресейден шамамен 100 мың тонна дизель отынын импорттау қажет екенін мәлімдеді.

«Жауапты мемлекеттік орган баға теңгерімсіздігі мен транзиттік автокөліктердің Қазақстанның арзан отынын көп тұтынуын негізгі себеп ретінде алға тартты. Бұл – парадокс», – деді депутат.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS