fbpx

Мемлекет мүгедектігі бар адамдардың еебінен үнемдемеуге тиіс Сәрсенбі, 27 Сәуір 2022 11:25

«Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясы кезекті рет ең өткір әлеуметтік мәселелердің бірі – еліміздегі мүгедектігі бар адамдардың жағдайын талқы таразысына салды.

Фракция депутаты Магеррам Магеррамов Мемлекет басшысы 2019 жылы Үкіметке қолжетімді жерде оңалту орталықтарын ашу туралы тапсырма бергенін атап өтті. Оның айтуынша, мәселе күні бүгінге дейін шешімін таппай келеді.

Депутат мүгедек балалар мен ересектерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мүгедектігі және мүгедек адамға күтім жасау бойынша төленетін жәрдемақы көлемінің төмендігі, мүгедектігі бар адамдардың арбамен қамтылуы, мүгедектікті айқындау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту және қайта куәландыру сынды мәселелерің өзектілігі жойылмағанын жариялады.

– ҚР Конституциясына сәйкес, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін әрбір адамға белгілі бір күнтізбелік күнге жыл сайын ақы төленетін демалысқа кепілдік беріледі. Көп жағдайда мүгедектігі бар баланың ата-анасы, әсіресе әйелдер еңбек демалысын баланы оңалту процедураларынан өткізуге пайдаланады. Бұл еңбек күшін қалпына келтіру, денсаулықты нығайту демалысы емес. Біз мұны Конституция кепілдік берген норманы орындамау және әлеуметтік әділетсіздік деп атаймыз. Ата-ананың өзінің лайықты демалысына нұқсан келтірмей, барлық қажетті рәсімдерді өткізуге мүмкіндігі болуы үшін Еңбек кодексін мүгедектігі бар баланың қамқорлығындағы жұмыскерге ақы төленетін әлеуметтік еңбек демалысына құқық беретін нормамен толықтыру қажет деп санаймыз, – деді М.Магеррамов.

Депутат айқын аурулар бойынша мүгедектікті тұрақты түрде дәлелдеу тәжірибесін тоқтату қажеттігін алға тартты.

– Мүгедектігі бар балалар мен ересектердің және олардың отбасыларының онсыз да күрделі өмірін қиындатпау керек, – деді М.Магеррамов.

Оның айтуынша, мүгедектігі бар ересектер туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр.

– Олар таңдау жасауға тиіс: мүгедектік бойынша жәрдемақы немесе зейнетақы. Бұл жағдайда мемлекет ұсақталуға тиіс емес деп санаймыз.

Үкіметті мәселені мүгедектігі бар ересек адамдарда мұндай таңдау болмайтындай етіп шешуге және тиісті жасқа жеткен кезде әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы алуға заңды құқық беруге шақырамыз. Біз өз балаларының ауыр сырқаттарына байланысты үнемі олардың жанында болуға және оларға күтім жасауға мәжбүр ата-аналардың мәселесін шешуді бірнеше рет көтердік, бұл оларға ресми еңбек етуге және зейнетақы аударымын жасауға, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға мүмкіндік бермейді. Мәжілістің өткен пленарлық отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыс тобы құрылғанын, ең төменгі зейнетақы алуға кепілдік беру туралы шешім ойластырып жатқанын айтты. Біз бұл тәсілмен келіспейміз, – деді М.Магеррамов.

Ол жақында 17,5 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған Гүлнар Усмановадан хат алғанын айтты.

– Неліктен 17,5 жасқа дейін? Себебі оның баласы осы жаста қайтыс болды. Ол жылдар бойы баласына қамқорлық жасады, қазір 53 жаста. Еңбек өтілі, зейнетақы жинағы, денсаулығы да жоқ. Министрліктің оған ұсына алатыны – мемлекеттік базалық зейнетақы, ол бүгінгі күні 19 450 теңгені құрайды. Біз Үкіметті өз бетінше күтім жасай алмайтын немесе аурудың ауыр түрі бар балалар мен мүгедек ересектерге күтім жасайтын ата-аналар мен қамқоршыларға жалақы белгілеуге шақырамыз, – деді депутат.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS