fbpx

Халықтың табысын арттыру бағдарламасында көзбояушылық бар Сәрсенбі, 11 Мамыр 2022 11:12

«Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясы Үкімет ұсынған «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының шикі тұстарын атап көрсетті.

– Парадокс! Бағдарламада Қазақстандағы кедейшілік деңгейі 10,6% деп белгіленген. Бұл – ЭЫДҰ елдеріндегі орташа көрсеткіштен аз. Басқаша айтқанда, біздегі кедей халықтың үлесі ең бай елдерге қарағанда жақсы. Бағдарламаға сенетін болсақ, Қазақстандағы кедейшілік деңгейі

АҚШ-тан 6,8% - ға, ал канадалық деңгейден 4,2% - ға төмен, – деді ҚХП  фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.

Оның ойынша, бұл – қоғамға қажет құжат. Алайда ол халықтың табысына қатысты жағдайды түбегейлі өзгертуге қабілетті болуға тиіс.

– Құжат алдағы экономикалық саясаттың ауыртпалығын жеңілдетуге тиіс. Өйткені азаматтардың әл-ауқаты артпаса, құжат өзінің маңыздылығын жоғалтады, – деді ҚХП  фракциясының жетекшісі.

Айқын Қоңыровтың мәлімдеуінше, құжат өнімділік деңгейінде артта қалушылықты қалай жеңуге болады және созылмалы төмен кірістің негізгі проблемасы не деген сауалға нақты жауап беруі керек.

– Бағдарламада бұл мәселе атүсті қаралған. Құжат талапқа сай емес. Ол бизнесті қолдау, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, түрлі салалар мен Өңірлерді дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттардан жинақталған, – деді мәжілісмен.

– Бізге қазақстандықтар үшін табыстың қандай деңгейін қолайлы деп есептейтініміз бен қандай деңгейге ұмтылатынымызды анықтап, қазақстандық орта таптың өлшемін айқындап алу қажет. Бағдарламада бұл турлы ештеңе жоқ, яғни халықтың табысы қалай өсетінін түсіну мүмкін емес, – деді А.Қоңыров.

Оның айтуынша, секторлар мен салалар бойынша халықтың кірісіне, жалақының төмен болу себебіне, кәсіпкерліктен түсетін табысқа, жалдамалы жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында үлес бөлуге нақты талдау жасалмаған.

– Құжатта инфляция қарқынымен байланыс жоқ. Бұл экономикалық шынайылық жағдайында міндетті шарт болып табылады. Бағаның өсуін ескермей, жалақының өсу индикаторларын анықтау мағынасыз болады.

Ресми дерек бойынша, қазіргі уақытта орташа жалақы 285 мың теңгеден асты. Бірақ бұл ақшаға бір жыл бұрын қолжетімді болған тауарлар мен қызметтердің көлемін сатып алу мүмкін емес, – деді депутат.

– Бағдарламада өнімділігі жоғары секторларға экономиканы қайта бейімдеу тетігі жоқ. Оның орнына жаңа жұмыс орындарын құру және басқа да іс-шаралар блогы бар. Ол іс жүзінде әртүрлі салалық бағдарламаларды қайталайды. Бұл бағыт артта қалған салаларда еңбек өнімділігін арттыру мен пайданы әділ бөлу мәселесін шешпейді. Нәтижесінде біз 2025 жылға қарай мемлекеттік органдардың бағдарлама орындалды деген есебін естиміз. Ал халықтың нақты табысы болар болмас өседі, – деді А.Қоңыров.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы халықтың әл-ауқатын арттыру және кірістерді бөлудегі теңсіздікті төмендету жөніндегі іс-қимыл стратегиясын әзірлеуге кірісу қажет деп санайды. Бұл үшін басқа құжаттардың қайталануын болдырмау, экономика, еңбек қатынастары және басқа салалардағы жетекші ғалымдарды тарта отырып, ғылыми негіздеме жасау сонымен қатар жария талқылау жасау қажет.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS