fbpx

Жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясат әзірленуі тиіс Сәрсенбі, 11 Мамыр 2022 10:58

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы Жылу энергетикасы саласында қалыптасқан жағдайға байланысты Премьер-министрінің орынбасары Р.Склярға депутаттық сауал жолдады.

ҚХП депутаты А. Милютин Степногорск ЖЭО-дағы апатты еске салып, қала тұрғындары бірнеше күн жылусыз қалғанын тілге тиек етті. Оның пікірінше, бұл оқиға елдімекендерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету шарасын жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

– Елде көптеген ЖЭО, соның ішінде Степногорск ЖЭО 50 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген. ЖЭО жабдықтары, қазандықтар, жылу желілері мен жылу тұтыну жүйелерінің тозуы шекті деңгейге жеткен. Бұл жағдай елімізде жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясат пен оны іске асыратын мемлекеттік орган болмағандықтан туындап отыр, – деді депутат.

А. Милютиннің мәлімдеуінше, Энергетика министрлігі – ЖЭО-ға, жергілікті атқарушы органдар – қазандықтарға, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар – жылу желілеріне, жауапты. Ұлттық экономика министрлігі – тарифті қадағалайды. Осылай бола тұра бұл органдардың құзыреті нақты ажыратылмаған, – деді депутат. Жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясаттың болмауының салдарынан ЖЭО қазандықтары мен турбиналарын дер кезінде жаңғырту мен жылу желілерінің тозған құбырлары мен сорғы жабдықтарын жоспарлы ауыстыру қамтамасыз етілмейді.

Апатты жағдайлардың алдын алу үшін «Қазақстан Халық партиясы» фракциясы ел көлемінде жылу энергетикасы мен жылумен жабдықтау жағдайына талдау жасауды, Жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясат әзірлеуді және оны іске асыруға жауапты ведомство құруды ұсынды.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS