fbpx

Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі төмендеп жатыр Сәрсенбі, 08 Маусым 2022 13:25

Қазақстан Халық партиясы Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін сынға алды.

Қаражаттың игерілмеуі, инфрақұрылымды жүргізу мен жөндеудегі кемшілік, шикізаттық бағыт сынды мәселелер күні бүгінге дейін шешімін таппай келеді. Салдарынан шенеуніктер тек ресми көрсеткіштерге қол жеткізеді, ал халықтың өмір сүру деңгейі төмендей береді.

ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров жаһандық ыдырау мен экономикалық дағдарыс кезеңінде экономиканы дамытудың бұрынғы шикізаттық моделіне сүйену өте қауіпті екенін еске салды.

– Шикізаттың сыртқы нарықтағы қолайлы жағдайға бағдарлануы тәуекел туғызады, – деп атап өтті ол. – Жалпы ішкі өнімнің 4%-ға өсуі қарапайым адамдардың әл-ауқатында сезілмейтін әлеуметтік-экономикалық даму болжамының базалық көрсеткіші ғана болып табылады.

Үкімет халықтың табысын жарияламайды, ал Есеп комитеті оның өсу қарқыны үш жыл ішінде 6,4% - дан 2,9% - ға дейін баяулағанын алға тартады.

– Өкінішке қарай, біз азаматтарымыздың әл-ауқатының нақты төмендегенін көріп отырмыз, – деді А. Қоңыров. – Үй шаруашылықтары табысының 50% - ға жуығы азық-түлікке жұмсалады. Бұл көрсеткіш іс жүзінде өзгерген жоқ.

Бұл – халық демалу мен білім алудан ақша үнемдейді дегенді білдіреді.

Ал Үкімет өмірден алшақ, абстрактілі көрсеткіштерді жетістік деп  қарастырады.

Ауыз су мәселесі де өзекті болып тұр. Шенеуніктер мұндада барлығы жақсы деп мәлімдейді.

– Сайлаушылармен кездесу кезінде ауыз судың қолжетімділігі ең өзекті мәселе ретінде көтеріледі, – деп нақтылады ҚХП фракциясының жетекшісі.  – Көптеген ауылдық елді мекендерде таза ауыз суға қол жеткізу шектелген.

Мәжілісмен жұмыссыздық көрсеткішінің 4-6%-дан өзгермейтініне күмән келтіріп, тәуелсіз сарапшылар есептеген жұмыссыздықтың нақты деңгейі 15,2%-ды құрайтынын айтты.

– Бұл еңбекке қабілетті азаматтардың 10%- ға жуығы мемлекеттің назарынан тыс қалып отыр дегенді білдіреді, – деп түсіндірді депутат.

Барлығы қымбаттап жатыр, ал квазимемлекеттік сектор ешнәрсе өзгерген жоқ деп ойлайды. «Самұрық-Қазына» қоры биыл мемлекетке 170 миллиард теңге ғана дивиденд төлеуді жоспарлап отыр.

– Мұнайдың бұрын-соңды болмаған жоғары бағасын, теміржолмен жүк тасымалдау көлемінің өсуін, уран мен металға сұраныстың артуын ескерсек, мұндай сома түсімнің нақты мөлшеріне сәйкес келмейді, – деді А.Қоңыров.

Жағдайды жақсарту үшін не істеу керек? ҚХП өкілінің пікірінше, ең алдымен квазимемлекеттік секторды реформалау және экономикаға мемлекеттің қатысуының қажетті үлесін анықтауға деген таза механикалық тәсілдерден бас тарту қажет.

– «Қылқындыру принципі» және әдемі атаулары бар басқа құралдар іс жүзінде жұмыс істемейді, – деді ҚХП фракциясының жетекшісі.

Тағы не қажет? Ұлттық компанияларға қызмет ұсыну кезінде жеке компаниялардың делдал болуына жол бермеу керек. Бұған қоса директорлар кеңестерінен бастап басқару жүйесін қайта қарау керек.

– Бүгінгі таңда бұл институт іс жүзінде ұлттық компания қызметінің тиімділігі үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды, – деп қорытты ойын 

ҚХП фракциясының жетекшісі. – Директорлар кеңесінің құрамына жоғары қызметтегі мемлекеттік қызметшілерді тағайындау нақты пайда әкелмейді. Сондай-ақ тәуелсіз директорларды, әсіресе шетелдік «Легионерлерді» тағайындау мен еңбекақы төлеудің дұрыстығын тексеру қажет.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS