fbpx

Қорғаныс өнеркәсібін дамыту – стратегиялық міндет Сәрсенбі, 22 Маусым 2022 11:38

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Қаңтар оқиғасы, Украина төңірегіндегі ахуал, Орталық Азия өңіріндегі шиеленістің күшеюі еліміздің қорғаныс қабілеті мәселесін өзектендіреді.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі түбегейлі қайта ұйымдастырылуда. Жаңа Әскери доктрина әзірленуде.

Биыл 10 наурызда Мемлекет басшысы-Жоғарғы бас қолбасшы брондалған техника шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» кәсіпорнында болды. Осы сапардың қорытындысында Қазақстан Президенті отандық қорғаныс өнеркәсібін қолдау және дамыту бойынша тапсырма берді.

Алайда, ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты А.Қоңыровтың айтуынша, Қорғаныс министрлігі ұқсас сипаттамалары бар отандық техника өндірісіне қарамастан, шетелдік техниканы сатып алуды жалғастырып жатыр.

– Отандық қорғаныс өнеркәсібін дамыту туралы сөз қозғалып отырған жоқ. Ресей Федерациясына салынған санкциялардың салдарынан біздің қорғаныс кәсіпорындарымыздың экономикалық байланысының басым бөлігі бұзылды. Қазір қорғаныс кәсіпорындары дағдарысты бастан кешіріп, өндірісті тоқтату алдында тұр, – деді депутат.

А.Қоңыров Қорғаныс министрі Р.Жақсылықовтан отандық қорғаныс өнеркәсібін дамыту және қолдау үшін қандай жоспар жүзеге асырылып

жатқанын сұрады. Сонымен қатар ол отандық кәсіпорындардан қару-жарақ пен әскери техника сатып алу көзделген бе деген сауалға жауап беруді өтінді.

Депутат министрге отандық қорғаныс кәсіпорындарынан техника мен қару-жарақтың қандай үлесі сатып алынады? Қару-жарақ сатып алу үлесін  арттырудың нақты жоспары бар ма? Ескірген техника мен оқ-дәрілерді кәдеге жарату жағдайы қалай? деген сауал жолдады.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS