fbpx

Әлеуметтік тұрғын үйді қалай қолжетімді әрі сапалы етуге болады Сәрсенбі, 29 Маусым 2022 13:21

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р.Склярға депутаттық сауал жолдап, әлеуметтік тұрғын үй құрылысы мәселесін қозғады.

Депутат Жамбыл Ахметбеков қазір жалға берілетін тұрғын үйдің құны (кейін сатып алу мүмкіндігімен) бір шаршы метр үшін 350 мың теңгеге дейін өскенін атап өтті. Бұл жайт мемлекеттік қолдау шараларының бір бөлігінің қолжетімділігіне қатер төндіреді.

Сайлаушылармен кездесулерде үнемі «Әлеуметті тұрғын үй құрылысы» (3 және 4-сыныптар) сапасыз жүргізілуде, тендерде жеңіске жеткен компаниялардың білікті құрылысшылары жоқ, тұрғын үйді тапсыру мерзімін бұзады деген мәселелер көтеріледі. Бұл кезекте тұрғандардың  арасында әлеуметтік шиеленіс тудырады, адамдардың сапалы өмір сүру құқығына нұқсан келтіреді.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы азаматтар үшін сапасыз тұрғын үй салу тәуекелін болдырмау үшін 3-4 санаттағы дайын тұрғын үйлерді сатып алуға конкурс жариялауды ұсынады. Бұл ретте мемлекет құрылыс орнын айқындауға, құрылыс кезеңіне жер учаскесін жалға беруге, инженерлік желілерді жүргізуге ғана қатысады. Байқауда шаршы метрдің ең арзан бағасын ұсынатын компания жеңіске жетуі керек. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптама конкурс жеңімпазының қаражаты есебінен жүзеге асырылуға тиіс.

ҚХП депутаттарының пікірінше, жоғарыда аталған процедуралар бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, игерілмеуін жоюға, үнемдеуге, құрылыс нарығынан жосықсыз, біліктілігі жоқ құрылысшыларды ығыстыруға, тұрғын үй құрылысының қарқынын арттырып, сапасын жақсартуға,  құрылыс саласын дамыту есебінен шағын және орта бизнесті дамыту үшін оң мультипликативті әсер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS