fbpx

Жекеменшік балабақшаларға қысым жасалып жатыр Сәрсенбі, 29 Маусым 2022 13:42

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жүгінді.

Қазақстан Халық партиясына хабарласқан Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының дерегінше, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін жекеменшік балабақшалар жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылғы 12 мамыр мен 5 шілде аралығында коронавирустық пандемияға байланысты ТЖ және карантин кезеңінде жұмсалған қаржыны қайтару туралы заңсыз талабына тап болған.

– Ол кезде ТЖ және карантин кезеңінде мемлекеттік тапсырысты төлеу тәртібі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары» бұйрығында болмаған. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ҚР БҒМ 2020 жылдың қараша айында 5 шілдеде күшіне енген бұйрықпен бекіткен. Осылайша, 2,5 ай (2020 жылғы 12 мамырдан 5 шілдеге дейін) мемлекеттік тапсырысты төлеу тәртібі ешқандай нормативпен регламенттелмеген, – деді Г.Нұғманова.

Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін нормативтің жоқтығына қарамай, балаларды күтіп-бағуға арналған балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асырды. Бұл рәсім ашық: жергілікті атқарушы органдардың электрондық базасында растайтын құжаттар бар. Алайда ҚР Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бірқатар өңірлерде жергілікті атқарушы органдарға көрсетілген кезеңдегі қаражатты мемлекетке қайтаруды бұйырды. Өз кезегінде әкімдіктер аталған кезеңде төленген қаражатты қайтару бойынша жекеменшік балабақшаларды тиісті мекемелерге шақыра бастады.

– Қазіргі уақытта жекеменшік балабақшаларда 2020 жылғы салықты, әлеуметтік аударымдарды және осы уақыт аралығында жұмыстан шығарылған қызметкерлердің жалақысына жұмсалған қаражатты қайтару мүмкіндігі жоқ. Расында да, мемлекеттік тапсырысты орындауға алынған қаржы ресурстары ең проблемалы және аз қамтылған мектепке дейінгі жеке сектордағы балаларды ұстауға жұмсалды, – деді депутат.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы қауымдастықтың мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген кезеңде төленген қаражатты бюджеттің нысаналы атқарылуы ретінде қабылдау талабын әділ деп санайды.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS