fbpx

Ескі нормадан енді қайран жоқ Сәрсенбі, 10 Ақпан 2021 15:06

Мемлекет Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен қазақстандықтардың құқығын қорғауға тиіс. Қазақстан Халық партиясының мүшелері осындай ұстанымды қолдайды. Бұл туралы партия фракциясының депутаты Александр Милютин Мәжіліс отырысында мәлімдеді. Түрлі есептеулер бойынша, полигоннан зардап шеккен адамдардың саны 1,5 миллионнан асады.

Мәжілісмен жарылыстармен ластанып, уланған өңірде онкологиялық және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен ауыратындардың статистикасы өсіп келе жатқанын, балалар арасында өлім-жітімнің жоғары екенін атап өтті. Шамамен 30 жыл бұрын жергілікті халыққа көмек көрсету үшін «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заң қабылданды. Бұл іс осымен шектелді.

– Осы Заңның әлеуметтік жеңілдіктерін қамтамасыз ету тетігі ескірген. Үкімет тұрғындардың әрбір санатын медицинамен қамтамасыз ету, сауықтыру, нақты аумақтардың экономикалық дамуын арттыру, атаулы әлеуметтік жеңілдіктер беру жөніндегі нақты бағдарламаларды әзірлеуі керек, – деді депутат.

Сонымен қатар ҚХП бұл мәселені шешу үшін нақты бағдарламалары бар елдер тиімді халықаралық көмекке сенім арта алады деп санайды. Өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдады. Онда БҰҰ серіктес мемлекеттерді халықты оңалтуға және аймақтың экономикалық дамуына жәрдемдесуге шақырды. Өз тарапынан партия мүшелері Үкіметке вице-премьердің, әлеуметтік блокқа жауапты шенеуніктердің, әкімдердің, ғалымдар мен барлық деңгейдегі депутаттардың қатысуымен жоғарыда аталған проблемаларды қарау үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құруды ұсынды.

– Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен халықты оңалту туралы сөз болғанда қателіктерге ұрынуға құқығымыз жоқ, – деді А.Милютин.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS