fbpx

Мал ұрлығы тыйылмай тұр Сәрсенбі, 17 Ақпан 2021 11:48

ШҚО шаруалары шығынға батуда. Олардың малы жиі ұрланады. Жергілікті полиция белсенді емес. Сондай-ақ ауыл тұрғындары ветеринарлық зертханалардың қызметіне қол жеткізе алмай отыр. Қазақстан Халық партиясы өңірде тәртіп орнатуды талап етіп отыр.

ҚХП фракциясының депутаттық сауалында мал ұрлау, шөп өртеу сияқты қылмыстардың бірқатар фактісі көрсетілген.

– Мал иелері күдіктілерді полицияға көрсеткен күннің өзінде бұдан ешқандай нәтиже шықпайтынын айтып дабыл қағуда, – деді депутат Ғазиз Құлахметов.

Ал облыстық полиция департаментінің деректеріне қарасаңыз, бәрі керемет. Департамент өңірде мал ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға төмендегенін, ал ірі қара мал басының бір бөлігі зардап шеккендерге қайтарылғанын хабарлады. Алайда жергілікті тұрғындардың пікірінше, бұл бағыттағы жұмыс өте нашар жүргізілуде.

– Мал ұрлау сияқты мәселелер фермерлердің дамуына, атап айтқанда, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай зиян келтіреді, – деді халық қалаулысы.

Тағы бір мәселені атап өткен жөн. ШҚО Катонқарағай ауданында екі ветеринарлық зертхана жабылғаннан бері екі жылдан астам уақыт өтті. Салдарынан аудан тұрғындары мал және ара шаруашылығы өнімдерін зертханалық сараптамасыз сатып отыр. Негізінен мұндай өнімдерді мектептерге, балабақшаларға, асханаларға, кафелерге, мейрамханаларға тікелей жеткізеді.

– Сараптама жүргізу және өнімнің тазалығын растайтын анықтама алу үшін 200 шақырым жердегі көрші ауданға барып-келудің өз қиындығы бар, – деді Ғазиз Құлахметов.

Сегіз жыл бұрын аймақта зертханалар салуға қым жасалған еді. Ол үшін мемлекеттік қазынадан 125 миллион теңге бөлінді. Алайда тапсырыс берушілер мен құрылысқа тартылған мердігерлер сыбайлас жемқорлық бойынша сотталып, игі іс нәтижесіз аяқталды.

– Зертхананың жоқтығынан ауданның ветеринарлық дәрігерлері де қиындық көруде. Көктемде және күзде алынған жануарлар қанының сынамаларын Алтай қаласына тасымалдау мүмкін емес, – деді депутат.

Өз кезегінде Халық партиясы мал ұрлығы орын алған ауылдар мен аудандардағы полиция басшыларының қызметтік жауапкершілігін арттыру жайын қарастыруға кеңес берді. Әкімдердің жергілікті жерлердегі жұмысына да сын көзбен қараған жөн. Сонымен қатар асыл тұқымды малды ұрлағаны үшін жазаны қатаңдату мәселені шешуге көмектеседі деген болжам бар. Сондай-ақ ҚХП депутаттары ветеринарлық зертханалардың жұмысын жандандыруды және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу-сату деректері енгізілетін электрондық-ақпараттық базаны әзірлеуді ұсынды.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS