fbpx

«Жас маман» жастарды жатырқап отыр Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 11:56

Қазақстан Халық партиясы отандық білім берудің және жастарды одан әрі жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелерін тағы да көтереді. ҚХП фракциясының депутаты Файзолла Қаменов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен «Жас маман» жобасындағы олқылықтар туралы депутаттық сауал жолдады.

Түсініксіз себеппен қазақстандық студенттердің бір бөлігі осы жобаға қатыса алмай, шеттетіліп отыр.

Мәжілісмен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қазақстандықтарды техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуге бағытталғанын еске салды. «Жас маман» жобасы бағдарлама аясында кадрлар даярлауға бағытталған. ҚР БҒМ орындауға жауапты мекеме болып бекітілді. Сондай-ақ ведомство жоба үшін ережелер жүйесін әзірледі.

– Алайда 2020 жылдың қазан айында білім министрінің бұйрығымен ережеге өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, сенімгерлік басқаруға берілген немесе берілетін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарының «Жас маман» жобасына іріктелуі мен қатысуы тоқтатылды, – деді Файзолла Қаменов.

Осыған байланысты Түркістан облысы колледждерінің ұжымы Қазақстан Халық партиясына шағым түсірді. Оларға да министрліктің мұндай шешімді не үшін қабылдағаны түсініксіз. Студенттер де ештеңені түсіне алмай отыр.

– Білім әрқашан бағаға ие болады және еліміз үшін көптеген мүмкіндіктер ашады. Жастар еңбек жолына түскенде ғана ол өз қоғамын дамыта алады. Патриотты, білімді жастары жоқ елдің болашағы бұлыңғыр, – деді депутат.

Мәселені шешу үшін ҚХП фракциясы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жүгінді. Фракция вице-премьерден Үкіметтің аталған мәселе бойынша ұстанымын білдіруді сұрады.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS