fbpx

Әкімдіктерде құзырет жоқ па? Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 11:52

Жергілікті атқарушы органдар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін реттеу кезінде құзыреттілікке байланысты күрделі проблемаларды бастан кешуде.

Заңнамаға сәйкес, оларда мұндай құзырет бар. Бірақ Үкіметтің пікірінше, бұлай емес. Қазақстан Халық партиясы фракциясы аталмыш жағдайды зерттемекші.

Мәжілістің жалпы отырысында ҚХП депутаты Александр Милютин шенеуніктерге өткен жылдан бастап ҚР заңнамасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін шектейтін нормалар күшіне енгенін еске салды. Өндірушінің босату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15 пайызы келісілген.

– Осылай бола тұра бөлшек сауда бағасы тұрақты түрде өсіп келеді, – деді Александр Милютин.

Теориялық тұрғыдан бұл процесті жергілікті атқарушы органдар бақылауы керек. Бірақ бұл жерде іс жүзінде ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Ал шенеуніктер «заңнамада жергілікті атқарушы органдардың сауда субъектілерінің осы нормаларды сақтауын бақылауды жүзеге асыру құзыреті жоқ» деп санайды.

– Мұндай жауапты қалай түсінуге болады? – деген депутат «Сауда қызметін реттеу туралы» заңға сілтеме жасады. Құжатқа сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне «әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру» міндеті тікелей кіреді. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте саудагерлерге бағаны көтергені үшін айыппұлдар қарастырылған.

Енді ҚХП фракциясы неліктен заң нормалары орындалмайтынын, ал жергілікті атқарушы органдар тиісті бақылауды неге жүзеге асырмайтынын түсіне алмай отыр.

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын әкімдіктер бекіткен өндіруші бағалары және сатып алу бағалары туралы жалпыға қолжетімді ақпарат жасауды ұсынамыз. Осындай ақпаратты барлық сауда орындары мен базарларға іліп қою керек, – деді депутат.

Депутаттық сауал еліміздің Премьер-министрі Асқар Маминге жолданды.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS