fbpx

Ел су тасқынына дайын ба? Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 12:28

Ел су тасқынына дайын ба? Бұл сұраққа Қазақстан Халық партиясының депутаттары жауап іздеді.

Өкінішке қарай, жыл сайын аймақтардағы су тасқыны шенеуніктер үшін тосынсый болады. Бірақ апаттың алдын алу үшін оны ескерту әлдеқайда оңай. Алайда біз әлі күнге дейін себеппен емес, салдармен күресіп келеміз.

Су тасқыны тақырыбына қатысты депутаттық сауалды Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова жария етті.

Депутат соңғы жылдары су тасқынынан туындайтын төтенше жағдай жиілеп кеткенін және бұл жерде технологиялық фактор шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Елде өзендердің ағыны дұрыс реттелмейді және су тасқыны қаупі бар аумақтар салынуда. Су пайдаланушылар өздерінің саясатын тек өз мүддесіне ғана тиімді жүргізеді. Ал өзендер тасып жатыр.

– Қауіпті төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шұғыл шара қабылдау қажет, – деп атап өтті Айжан Сқакова. Бұдан кейін ол Өзбекстандағы бөгеттің бұзылуы салдарынан халқымыз зардап шеккен былтырғы су тасқынын еске салды. Өңірге келтірілген шығын шамамен миллиард теңгені құрады.

Қазіргі жағдай қардың еруімен және ықтимал жаңбырмен күрделене түседі. Су қоймалары мен реттеушілер жағдайды жақсарта алмайды. Түркістан және Қызылорда облыстарының аумақтарына қауіп төніп тұр.

– Шардара су қоймасынан басқа ескірген бөгеттер мен дамбалар қауіп төндіреді, – деп нақтылады депутат.

Бүгінгі таңда Қазақстанда шағын және үлкен өзендерде, уақытша су ағындарында, су қоймаларында, жасанды су айдындарында осыған ұқсас 1732 ескірген және авариялық – гидротехникалық құрылыстар (ГТҚ) бар. Олардың барлығы әртүрлі ведомстволық және меншік нысанына ие. 300-ге жуық ГТС жедел жөндеуді қажет етеді.

– Көбісі Қызылағаш бөгетіне ұқсас (2010 жылғы апат, көптеген адам шығыны – авт.). Олар төтенше жағдайдың әлеуетті көзі болып табылады. Әсіресе көктемгі су тасқыны кезінде, – деді халық қалаулысы.

Қазақстан Халық партиясы фракциясы төтенше жағдайды болдырмас үшін министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар шұғыл шаралар қабылдауы керек деп санайды. Алдын алу және дайындық (әрине, карантин кезеңінде бұл қиын) жұмыстарына ерекше назар аударған дұрыс. 

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS