fbpx

Ең төменгі жәрдемақы мен жалақыны ұлғайту қажет Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 11:47

Ең төменгі жәрдемақыға, зейнетақы мен жалақыға өмір сүру мүмкін емес. Қазақстан Халық партиясы Үкіметтен ең төменгі көрсеткіштерді арттыруды талап етіп отыр. Бұл туралы ҚХП фракциясының депутаты Ерлан Смайлов мәлімдеді.

Елдегі кедейліктің өсуі және үдемелі әлеуметтік теңсіздік Қазақстанда үйреншікті құбылысқа айналуда. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, 2020 жылы Қазақстанда кедейліктің жалпы деңгейі 14 пайызды құрап, 1,5 миллион адамға артты. Бұл елдің 2,6 миллион тұрғынына тең.

– Іс жүзінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы да мүмкін, – деді депутат.

Партиялықтардың пікірінше, мәселенің мәні бастапқыда төмен деңгейде көрсетілген, халықтың объективті өмірлік қажеттіліктеріне жауап бермейтін базалық шамаларға байланысты. Бұл 42500 теңге мөлшеріндегі ең төменгі жалақы және ең төменгі күнкөріс деңгейі (34302 теңге). Бұларға физикалық тұрғыдан өмір сүру мүмкін емес. Республикада зейнетақының ең төменгі мөлшері (43272 теңге) тым төмен, ал азық-түліктің бар-жоғы 43 атауын қамтитын тұтыну қоржыны тамақтанудың ғылыми негізделген нормативтеріне сәйкес келмейді.

– Халық кірісінің өсуін қамтамасыз ететін айқын және ұтымды шешім –базалық есептік көрсеткіштерді кемінде 2 есе ұлғайту. Ең төменгі жалақыны, ең төменгі зейнетақыны, стипендияларды, күн көріс деңгейінің шамасын, төлемдерді, жәрдемақыларды және т.б. одан әрі ұлғайта отырып, азық-түлік өнімдері мен тұтыну қоржыны қызметтерінің құрамын еселеп арттыру қажет.

Үкіметтің мұндай бастамаларға жауап ретінде жалақы мен халықтың табысының өсуі инфляция мен бағаның өсуіне себеп болады және бюджетте ақша жоқ деп мәлімдеп келе жатқанына да бірнеше жыл. Салдарынан жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өспейді. Халық кедейлене түседі. Инфляция төмендейді, ал бағалар мен тарифтер үнемі көтеріледі. Министрліктер мен ведомстволар нәтиже бермейтін мемлекеттік бағдарламаларға миллиардтаған қаражат жұмсайды.

– Шындығында, халықтың табысын арттырудың оң мультипликативтік әлеуметтік-экономикалық әсері бар. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасы артады, төлемге қабілетті сұраныс жасалады, бұл шағын, орта және шағын бизнестің өсуін қамтамасыз етеді. Халық табысының нақты өсуі, олардың өмірінің сапалы жақсаруы және әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы күрес Үкімет жұмысының басымдығы болуы тиіс, – деді халық қалаулысы.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS