fbpx

Баласы кедей елдің болашағы бұлыңғыр Сәрсенбі, 03 Наурыз 2021 10:53

Қазақстан Халық партиясы жалпыұлттық деңгейде ана мен баланы ерекше қамқорлыққа алу бастамасын көтерді.

Әзірше республикадағы әрбір алтыншы бала (жалпы алғанда – 1 миллионға жуық бала!) кедейлікте өмір сүруде. Бұл ЮНИСЕФ зерттеуінің дерегі.

Маңызды ақпаратты Мәжілістің жалпы отырысында ҚХП фракциясының депутаты Ерлан Смайлов жариялады.

Статистикаға сүйенсек, көпбалалы отбасылар кедейліктен көп зардап шегеді. Біздің елде мұндай отбасылардың саны 340 мыңнан асады. Толық емес отбасылар да қауіпті алаңда – көбінесе олар мемлекеттен ешқандай әлеуметтік көмек алмайды.

– Халықтың нақты табысының төмендеуі, бірінші кезектегі тауарлар мен көрсетілетін қызмет бағасының өсуі, спорттық, мәдени, ғылыми-техникалық секциялар мен үйірмелер түріндегі балаларды дамытудың сапалы және қолжетімді инфрақұрылымының болмауы елдің барлық балаларының – көпбалалы, толық емес және толық отбасыларының толыққанды дамуына кедергі келтіреді.

Мемлекет «бүгінгі кедей балалар – ертеңгі кедей мемлекеттің» негізін қалайтынын түсінуі керек, – дейді Е.Смайлов.

ҚХП Үкімет ана мен баланы әлеуметтік қорғау жүйесін түбегейлі қайта қарап, төлемдерден адам капиталына салынатын инвестицияға көшуі керек деп есептейді. Әзірге мемлекеттің қолдау шаралары көңіл көншітпейді.

ҚХП «Ана мен баланы дамытуға инвестиция» бірыңғай ұлттық жобасын қабылдауды ұсынады. Балалары бар барлық отбасылар осы жобаның игілігін көруі керек.

– Балаға жағдайды бала күнінде жасау керек. Олар өздеріне қашан жағдай жасалады деп күтіп отыра алмайды, – деді халық қалаулысы.

ҚХП өкілінің пікірінше, Үкімет ана мен баланы қорғауға бағытталған барлық қолдау шараларына ревизия жүргізіп, олардың нәтижелілігіне баға беруі тиіс. Бағалау өлшемшарттары нақты болуы керек: балалардың кедейлігін, сырқаттанушылығын, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты және әлеуметтік теңсіздікті төмендету, өмір сүру сапасын жақсарту, функционалдық сауаттылықтың өсуі және т.б.

Практикалық шаралардың ішінен ҚХП ана капиталын енгізуді (көрші Ресейдің мысалында), балалардың тұтыну қоржынын әзірлеуді және енгізуді, сондай-ақ жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің принципі мен мөлшерін қайта қарау қажет.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS