fbpx

«СК-Фармация» алатын дәрілер медициналық талапқа сай емес Сәрсенбі, 03 Наурыз 2021 11:26

Қазақстан медицинасының ахуалы нашар және ол үлкен өзгерісті қажет етеді. Бұл «Қазақстан Халық партиясы» парламенттік фракциясы депутаттарының пікірі.

Мәжілістің пленарлық отырысында ҚХП депутаты Ирина Смирнова отандық медицинаның пациенттер үшін өте қауіпті, кейде өлімге әкелетін жүйелі қателіктері мен кемшіліктері бар екенін мәлімдеді.

Халық қалаулысы қазір отандастарымыз негізінен ақылы түрде емделуге мәжбүр екенін атап өтіп, медициналық сақтандыру қорында төлемі жоқ науқастарға көмек көрсетуден бас тартылған жағдайларды алға тартты.

– Жақында жүктілігі тоқтап қалған әйелге операция жасаудан бас тартылды, – деді ҚХП депутаты. – Енді не істеу керек деген сұраққа нақты жауап берілді: «Өлу керек. Басқа амал жоқ».

ММСҚ-ға аударылған төлемдер де пациенттерге ешқандай кепілдік бермейді. Науқастар алдымен тіркеушінің қызметін атқарып отырған терапевт-дәрігердің қабылдауына баруы керек, содан кейін бір-екі айдан кейін кезек тәртібімен қажетті маманның қабылдауына жазылады. Шамасы, сырқат  күшеймей, сабырмен күтеді деп болжанатын болар. Егер науқас дәл сол клиниканың ақылы бөліміне, сол дәрігерге жүгінетін болса, мәселе лезде шешіледі. Сондықтан адамдар төлеуге дайын тұрады. Себебі денсаулықтан қымбат ештеңе жоқ.

– Азаматтарымыздың шетелдік клиникаларда емделу үшін халықтан қаражат жинауы көбейіп барады, – деді И.Смирнова. – Негізінен, әңгіме онкологиясы бар, орфандық немесе сирек кездесетін аурулармен ауратын балалар туралы.

Заң бойынша, теория жүзінде емдеуге қажетті сома жергілікті мәслихаттың шешімі бойынша алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде бұл схема жұмыс істемейді. Қажетті ақшаны уақытында жинау да мүмкін бола бермейді.

– «СК-Фармация» ЖШС-ның медициналық талапқа сәйкес келмейтін дәрі-дәрмекті сатып алуы үлкен трагедияға айналуда, – деді депутат.

Мәселе біздің бірыңғай дистрибьюторымыз үнемдеу мақсатында сатып алатын танымал арзан «дженериктер» туралы болып отыр. Пациенттерге тағайындалған дәрі-дәрмек донорлық органдардың қабылданбауына әкеліп соғып жатқаны Денсаулық сақтау министрлігіндегі лауазым иелерінің басын ауыртпайды. Ал Damumed-ке тіркелу мәселесі қазір ешкімді таң қалдырмайды.

– ММСҚ кейбір клиникалар үшін жем беруші болып тұр, – деп атап өтті ҚХП депутаты. – Бірақ белгісіз себептермен мұндай тәсілдер бақылаушы органдардың зерттеу нысанына айналмай отыр.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS