fbpx

Вакцинациялауды арттыру үшін батыл шара қабылдау қажет Сәрсенбі, 31 Наурыз 2021 17:00

Қазақстан Халық партиясы Үкіметтен халықты вакцинамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді талап етуде. Партия өкілдерінің пікірінше, қазақстандықтардың денсаулығы ғана емес, экономикалық әл-ауқаты да осыған байланысты болып отыр.

Мәжілісмен Александр Милютин депутаттық сауалында атап өткендей, ерікті вакцинация ұжымдық иммунитетке ықпал етіп, мемлекеттің бизнес-имиджіне де оң әсерін тигізеді.

– Пандемияны жою бойынша барлық шараларды алдын ала іске асыратын елде бизнес субъектілері толыққанды қызметіне ертерек кірісе алады. Ал бұл бизнестің де, жалпы Қазақстан экономикасының да одан әрі өркендеуінің түйінді факторы болып табылады. Жоғалған өнім нарықтарын қайтару өте қиын болмақ, – деді А. Милютин.

Айтпақшы, басқа елдер мұны жақсы түсінеді. Сондықтан олар вакцинациялауды жылдам жүргізуге тырысады. Әлемнің 50-ге жуық мемлекеті өз халқының 10%-дан астамын вакцинациялап үлегрді. Әзірше Израиль көш бастап тұр. Бұл мемлекет ересек азаматтарының барлығын дерлік вакцинациямен қамтамасыз ете алды. Ал Қазақстанда халықтың 1%-ға жетер-жетпес бөлігі ғана егілді. Ал коронавирустың үшінші толқыны басталды деген әңгіменің таралғанын қаперге алсақ, жағдай қиындау.

– Ел халқын вакцинациялаудың жоспарланған мерзімдері де бұзылды. Оның негізгі себептерінің бірі – сынақтан өтпей қалған қазақстандық вакцинаның уақытылы дайын болмауы. Сондай-ақ «Спутник V» өндірушісімен келіссөздер әлі аяқталған жоқ, – деді депутат.

ҚХП депутаттары Үкіметтің биыл 6 миллион қазақстандық азаматты вакцинациялау туралы уәдесіне күмән келтірді. Премьер-Министр Асқар Маминнен 2021 жылдың соңын күтпей-ақ, халықты ерікті түрде вакцинациялау қарқынын арттыру бойынша батыл шаралар қабылдауды сұрады.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS