fbpx

Судың да сұрауы бар Сәрсенбі, 07 Сәуір 2021 10:26

Қазақстан мемлекеттік деңгейде елдің су қауіпсіздігі мәселелерін байыппен шешуі керек. Қазақстан Халық партиясы осындай ұстанымда. Себебі біздің елмен Қытай, Қырғызстан және Ресей мемлекеттері арасында әлсін-әлсін «су дауы» туындап жүр. 

ҚХП депутаты Файзола Қаменов мысал ретінде Оралдағы жағдайды келтірді. Орынбор қаласын сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында РФ жаңа Орал бөгетін салуды жоспарлап отыр.

– Еуропадағы ұзындығы бойынша үшінші өзен болып табылатын Жайық өзенінде су жыл сайын азайып келеді. Оралда қазірдің өзінде 12 бөгет бар, қолданыстағы 12 бөгеттің әрқайсысының көлемі 10 миллион текше метрді құрайды. 2010 жылдан бастап өзендегі су 2,5 метрге төмендеді. Бұл экологиялық проблемалардан басқа, болашақта Қазақстанның су қауіпсіздігіне елеулі соққы болуы мүмкін, – деді депутат.

Су тапшылығын БҚО тұрғындары сезініп отыр. Суды Ресейден сатып алуға тура келеді. Қырғызстан да көршілерінен су үшін ақша алуды жоспарлап отыр. Әсіресе ҚХР-мен арадағы жағдай тіпті қиын.

– Нұр-Сұлтан, Өскемен, Семей, сондай-ақ Павлодар, Қарағанды және Балқаш өңірлерінің тағдыры Іле және Ертіс суларымен тікелей байланысты. Ертістің пен Іленің бастау көзі Қытай аумағында орналасқан, – деді Ф.Қаменов.

Батыс Қытай дамыған сайын Қара Ертістен су тұтыну да өсуде. Сонымен қатар ҚХР Іле өзенінің бойында 15 су қоймасы мен 59 су электр станциясын орнатты және жыл сайын ол жерден 15 текше шақырым су алады.

– Эколог-сарапшылардың болжамы бойынша, егер Бейжің Іле суын тұтынуды тағы 10%-ға арттырса, онда Балқаш екіге бөлініп, Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін, – деп атап өтті мәжілісмен.

Қазір Қазақстан Халық партиясын Қазақстанның су қауіпсіздігі мәселелері қалай шешіліп жатқаны қызықтырады. Алдағы 10-20 жылда су тапшылығы проблемасы біздің республикада бірінші орынға шығатыны анық. Сондықтан шешімдерді болашаққа қалдырмай қазір қабылдау керек. Партия мүшелері премьер-министр Асқар Маминге Үкіметтің осы мәселеге қатысты ұстанымын білу үшін депутаттық сауал жолдады.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS