fbpx

Ғарыш айлағының тағдыры қыл үстінде Сәрсенбі, 07 Сәуір 2021 10:29

Қазақстанның ғарыш саласы кері кетіп барады. Қазір басқа елдер ғарыш жобаларын белсенді игеруге тырысудаү Ал қазақстандық ғарыш айлағы, Байқоңыр біртіндеп құлдырап барады. Қазақстан Халық партиясы бұған жол бермеу керек деп есептейді.

Мәжілістің пленарлық отырысында сөз алған ҚХП фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров қазір бүкіл әлемде ғарыш экономикасына және жалпы ғарыш саласына қызығушылықтың өсуі байқалатынын атап өтті. Өкінішке қарай, Қазақстанда емес. БАӘ Марсты зерттеу жобаларын жасап жатса, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері салаға құйылатын инвестицияларды арттыруда. Қытай жаңа жеке ғарыш айлағын салуды жоспарлап отыр, ал Жаңа Зеландия әйгілі Илона Маск корпорациясының «SpaceX» өніміне бәсекелес компания құруда. Біздің мемлекет кеңестік ғарыш мұрасын жүйелі түрде таратумен келеді.

– Байқоңырдың арқасында біз әлі де ғарыштық держава мәртебесін асқақтатып отырмыз. Көптеген елдермен салыстырғанда әуелде неғұрлым тиімді шарттарға ие болдық. Бірақ бізде бар әлеует ашылмай отыр. Тиісінше, одан елге пайда да жоқ, – дейді депутат.

А.Қоңыров «ғарышқа» қаражат бөлінетінін жоққа шығармады, бізде жеке жобалар да жүзеге асырылуда («Бәйтерек сияқты сәтсіз жобалар). Жалпы, Байқоңыр қаласы сияқты «Байқоңыр» кешенінің де тағдыры күмәнді.

– Ғарыш қызметінің көлемі ұдайы қысқаруда. Аймақтың одан әрі қалай дамитыны туралы нақты түсінік жоқ, – деді Айқын Қоңыров.

Қазір ғарыш индустриясының дамуы бедел мәселесі емес, ол робототехникадан бастап ядролық және ақпараттық технологияларға дейінгі салаларды табысты дамытуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық коммерциялық инвестиция. Бұл Қазақстан үшін озық жоғары технологиялық елдердің пулына кіруге және орнығуға тамаша мүмкіндік болып табылады. Ең бастысы сол мүмкіндікті жіберіп алмау керек.

ҚХП фракциясы ғарыш айлағына, Байқоңыр қаласына қатысты стратегияны және тұтастай алғанда отандық ғарыш саласын дамытуды кідіріссіз айқындау қажет деп есептейді. Ол үшін ең алдымен, «Бәйтеректен» бастап қолда бар жобалардың нақты перспективаларын бағалау, «Байқоңыр» ғарыш айлағы активтерінің құнын және Тәуелсіздік кезеңіндегі оның өзгеру серпінін талдау, сондай-ақ қала құраушы «ғарыш» саласы өз ресурсын тауысқаннан кейін Байқоңыр қаласының болашақ тағдырын болжау қажет.

ҚХП аталған сұрақтар мен ұсыныстарды Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярға жолдады.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS