fbpx

Тарифті қалай тежейміз? Сәрсенбі, 07 Сәуір 2021 10:33

Қазақстан Халық партиясы Үкіметтен энергетиктердің «тәбетін» шектеуді және тарифтерді қалыптастыру процесін ашық етуді талап етіп отыр.

Мәжілістің пленарлық отырысында сөз алған ҚХП депутаты Ғазиз Құлахметовтың айтуынша, әлеуметтік шиеленістің өсуіне түрткі болған ең өзекті мәселе – азық-түлік, тарифтер мен қызметтер бағасының өсуі.

– Бұған жанар-жағармай материалдары бағасының өсуі қосылды. Мұның бәрі пандемия жағдайында, халықтың сатып алу қабілеті шектеулерден кейін төмендеген кезде орын алып отыр, – деді депутат.

Халықты елең еткізген соңғы жаңалықтың бірі Энергетика министрлігінің 1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифтерін 15%-ға көтеру туралы мәлімдемесі болды.

– Осынау әділетсіз қадамды 53 пайызы тозып тұрған жабдықтарды жаңарту қажеттілігімен байланыстырады. Электр энергиясын өндірушілерде жөндеу жұмыстарының өзіне қаражат жетпейді. Ал олар қызметкерлердің жалақысын көтеріп, басқа шығындарды өтеуі керек. Яғни, монополистер, әдеттегідей, өз проблемаларын шекті тарифтерді көтере отырып, тұтынушылар есебінен шешпек, – деді Ғазиз Құлахметов.

Мәжілісмен энергетиктер мен шенеуніктердің есіне заңнамаға 2012 жылы енгізілген түзетулерді еске салды. Қабылданған нормалар электр станциялары қызметінің ашықтығын арттыруды, сондай-ақ жаңа электр қуаттарын енгізуді, негізгі жабдықтардың ескірген паркін жедел жаңартуды және қамтамасыз етуге тиіс еді.

– Жаңа заң тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтауға мүмкіндік береді деп болжанды. Онда қызмет көрсетушілер жабдыққа инвестиция салуға және өз паркін уақтылы жаңартуға міндетті екендігі анық және нақты жазылған, – деді ол.

Оның орнына ірі энергетикалық компаниялар тұтынушылар есебінен заңсыз байытылды. Қызметтер құнына бонустар, қызметкерлерге берілетін бонустар, несиелер бойынша сыйақылар, сондай-ақ өндірістік шығындар негізсіз ұлғайтылды. Үш жыл бұрын Мемлекет басшысы іске араласып, тарифтер қайта қаралды. Ал Энергетика министрлігі бағаны 2025 жылға дейін көтермеуге уәде берді. Алайда тарифтер 2019 және 2020 жылдары тағы өсті.

– Бұл ретте электр энергиясын өндіру тарифіне қандай шығыстар енгізілгені түсініксіз, шешім қабылдауда айқындық пен ашықтық жоқ. Жауаптарды тек Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамыту департаменті ғана біледі. Бірақ қандай да бір себептермен оларды құпия ұстайды, – деді халық қалаулысы.

Қазақстан Халық партиясы ТКШ тарифтерін бекіту жөніндегі реттеуші функцияларды беру үшін бірыңғай орган құруды, оны Президенттің бақылауына беруді, энергетикалық көмірдің құнын (электр энергиясы мен жылудың қымбаттауының негізгі факторы) бағалық реттеуді енгізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған газдың қазіргі бағасын 2025 жылға дейін бекітуді ұсынды.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS